Арне Фридрих (; 29 мамыр 1979, Бад-Эйнхаузен, Солтүстік Рейн-Вестфалия, ГФР) — германиялық футболшы, қорғаушы.
Карьерасы Карьерасын Германияның төменгі лигаларында ойнайтын "Ферль" клубында бастады. Кейін "Арминияда" екі жыл ойнап, "Гертаға" ауысты. Бірінші маусымда-ақ Лига кубогының жеңімпазы атанды. 2004 жылы команданың капитаны боп тағайындалып, 2010 жылы клубтан кеткенше капитандық белгіні ешкімге берген жоқ.
Командамен келісім шарты 2012 жылға дейін болса да, 2010 жылы "Волфсбургке" ауысты. Бірақ жарақатының кесірінен бұл командада да, бұдан кейінгі АҚШ-тың "Чикаго" клубында да дұрыстап ойнай алмай, 2013 жылы карьерасын аяқтады.
Ұлттық құрамадағы алғашқы ойынын 2002 21 тамыз күні Болгарияға қарсы жолдастық кездесуде өткізді. 2004 жылы Тайлан құрамасымен өткен жолдастық ойында капитан ретінде алаңға шықты.
2010 жылғы әлем біріншілігінің ширек финалында Аргентинаның қақпасына құрамадағы жалғыз голын соқты. Бұл ойында немістер 4:0 есебімен жеңіске жетті.
Жетістіктері
Командалық «Герта»
Лига кубогы — 2002 Интертото кубогы — 2006
Германия құрамасы
Еуропа чемпионатының финалисі — 2008 Әлем чемпионатының қола жүлдегері — 2006, 2010 Конфедерациялар кубогының қола жүлдегері — 2005
Сілтемелер Ресми сайты
Санат:Германия футболшылары Санат:Арминия Билефельд ФК ойыншылары Санат:Герта Берлин ФК ойыншылары Санат:Вольфсбург ФК ойыншылары Санат:Чикаго Файр ФК ойыншылары Санат:Германия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары