Кантемировское — Солтүстік Қазақстан облысы, Тайынша ауданы, Теңдік ауылдық округі құрамындағы ауыл. 2010 жылға дейін қысқарған "Кантемиров ауылдық округі" орталығы болған.
Бұрынғы атаулары Кантемировское бұрын «Тульский совхозы», «Кантемировец совхозы» делінетін.
Географиялық орны Аудан орталығы Тайынша қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 35 километрдей жерде.
Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 626 адам (324 ер адам және 302 әйел адам) болса, 2009 жылы 336 адамды (167 ер адам және 169 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том
Дереккөздер
Санат:Тайынша ауданы елді мекендері