Элджеро Элиа (, 13 ақпан 1987 жыл, Ворбюрг, Оңтүстік Нидерланд) — нидерландылық футболшы, шабуылшы. Нидерланд Ұлттық футбол құрамасының шабуылшысы. 2010 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері. Қазір Түркияның "Истанбул Башахшехир" клубында доп тебеді.
"Аякс" футбол клубының түлегі. Кәсіпқой карьерасында "Гамбург", "Твенте", "Вердер", "Саутгемптон", "Фейеноорд" клубтарында доп тепті.
Ұлттық құрамаға 2009 жылы шақырылды. Тұңғыш рет 10 қыркүйек күні Шотландия құрамасына қарсы ӘЧ-2010 іріктеуінде алаңға шықты. Бір жылдан соң әлем чемпионатына қатысты. Чемпионаттың финалында ойын барысында алаңға шықты, бірақ құрама 0:1 есебімен Испаниядан ұтылып қалды.
Жетістіктері
«Ювентус»
Италия чемпионы (1): 2011/12
«Фейеноорд»
Нидерланд чемпионы (1): 2016/17 Нидерланд кубогы (1): 2015/16
Ұлттық құрама
Әлем чемпионатының күміс жүлдегері: 2010
Санат:Нидерланд футболшылары Санат:Твенте ФК ойыншылары Санат:Гамбург ФК ойыншылары Санат:Ювентус ФК ойыншылары Санат:Вердер ФК ойыншылары Санат:Саутгемптон ФК ойыншылары Санат:Фейеноорд ФК ойыншылары Санат:Истанбул Башахшехир ФК ойыншылары