Вишневка – палеолит дәуірінің тұрағы.

Географиялық орны Есілдің жоғарғы ағысында, Астана қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 60 км жерде.

Сипаты Алғаш В.С. Волошин зерттеген. Тұрақтан қара қоңыр түсті, сырты біршама бүлінген бифастар, қырғыштар, пышақтар, ағашты жұмырлан өңдеуге арналған ысқыштар, т.б. барлық саны 950-ден астам құралдар табылған. Заттай деректер ішінде бір және екі жақты, тасбақа тәріздес, көп қырлы тарамдалған нуклеустер, Левваллуа дәстүріне жақын тас тілікшелер мен қабыршақтардың маңызы жоғары. Сыртқы сипаты жағынан Вишневка тұрағынан табылған тас құралдар ашель дәуіріне жатады.

Тағы қараңыз Ежелгі дәуірдегі Қазақстан

Әдебиет

Сыртқы сілтемелер

Санат:Ақмола облысының археологиялық ескерткіштері Санат:Аршалы ауданы Санат:Тас дәуіріндегі Азия