Еміл Ринатович Кенжесариев (26 наурыз 1987, Фрунзе) — қырғыз футболшысы, Қырғызстан Ұлттық құрамасында ойнаған. Қазақстандық жанкүйерлерге "Ақтөбе" клубында ойнаған жылдары жақсы таныс болған жартылай қорғаушы.

Өмірбаяны 2003-05 жылдары Қырғызстанның клубтарында ойнап, 2005 жылы "Цесна" командасына ауысты. 2006-07 жылдары елордалық "Астана" командасында өнер көрсетті де, 2008 жылы "Ақтөбе" командасының қатарын толықтырды. Ақтөбелік клубта біраз табыстарға жетті, ел чемпионы атанды, Қазақстан кубогы мен суперкубогына қол жеткізді. Одан бөлек Еурокубоктерге қатысып, біраз шыңдалды.

2011 жылы Өзбекстанның "Бунедкор" клубы сатып алды. Бірақ негізгі құрамға іліне алмай, 2012 жылы "Ақтөбеге" қайта оралды.

2013 жылы тамыз айының 10-нан 11-не қараған түнде Алматы көшелерінің бірінен ауыр соққыға жығылып, ес-түссіз жатқан күйі табылады да, дереу ауруханаға жеткізіледі. Бірнеше күннен соң ғана есін жиған Еміл қайтадан футбол ойнай алмады.

2017 жылы Қырғызстанда бапкерлік курстан өтіп, лицензия алды.

Ұлттық құрама 2004 жылы Қырғызстан құрамасы сапында үш ойын өткізді. Сол себепті де оның "Қазақстан құрамасында ойнасам" деген мақсаты орындалмады.

Жетістіктері

Командалық

Қазақстан чемпионы (4): 2006, 2008, 2009, 2013 Қазақстан кубогы (1): 2008 Қазақстан суперкубогы (2): 2008, 2010

Жеке

Қырғызстанның үздік футболшысы (1): 2004 Достастық кубогының үздік мергені (1): 2010 (6 гол)

Сілтемелер

Санат:Қырғызстан футболшылары Санат:Абдыш-Ата ФК ойыншылары Санат:Алматы ФК ойыншылары Санат:Жеңіс ФК ойыншылары Санат:Ақтөбе ФК ойыншылары Санат:Бунедкор ФК ойыншылары Санат:Қазақстан футболшылары Санат:Қырғызстан Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары