Златко Далич (; 26 қазан 1966 жыл, Ливно) — югославиялық және хорватиялық футболшы, жартылай қорғаушы.
Карьерасы 2000 жылы футболшылық карьерасын аяқтады да, бапкерлікке кірісті. Ұзақ жылдар бойы Хорватияның, Албанияның, Сауд Арабиясының, Біріккен Араб Әмірліктерінің клубтарын жаттықтырып, 2017 жылы қазан айында Хорватия Ұлттық футбол құрамасының бас бапкері боп тағайындалды. Құрама 2018 жылғы әлем біріншілігінің іріктеу ойындарында сәтті ойнады да, Далич Ұлттық құрамамен контрактісін тағы да біраз жылға ұзарттыhttps://campeones.ua/48707/ .
Оның жаттықтыруымен Хорватия құрамасы 2018 жылғы әлем біріншілігінің финалына дейін жетті. Дереккөздер
Жетістіктері
Бапкер ретінде «Вартекс»
Хорватия кубогының финалисі: 2005/06
«Динамо Тирана»
Албания суперкубогы: 2008
«Аль-Хиляль»
Сауд Арабиясының вице-чемпионы: 2012/13 Сауд Арабиясы падищасының мұрагері кубогы: 2012/13
Хорватия құрамасы
Әлем чемпионатының күміс жүлдегері 2018
Сілтемелер Профилі
Санат:Хорватия футболшылары Санат:Хайдук Сплит ФК ойыншылары Санат:Вартекс ФК ойыншылары Санат:Хорватия футбол жаттықтырушылары Санат:Вартекс ФК жаттықтырушылары Санат:Әл-Хилал Эр-Рияд ФК жаттықтырушылары Санат:Әл-Айн ФК жаттықтырушылары Санат:Риека ФК жаттықтырушылары Санат:Югославия футболшылары Санат:Динамо Тирана ФК жаттықтырушылары