Эмиль Петер Форсберг (; 23 қазан 1991 жыл, Сундсвалль, Швеция) — швед футболшысы, Германияның «РБ Лейпциг» командасы мен Швеция құрамасының жартылай қорғаушысы.
Ұлттық құрама 2016 жылы Еуропа чемпионатына, 2018 жылы әлем чемпионатына қатысты. Ұлттық құрама сапына 2014 жылы 17 қаңтар күні Молдоваға қарсы жолдастық ойында тұңғыш рет алаңға шықты. 2016 жылғы Еуропа чемпионатына жолдама беретін соңғы плей-офф матчында құрамадағы алғашқы голын енгізді.
2016 жылғы Еропа чемпионатында үш кездесуде алаңға шықты. 2018 жылғыәлем чемпионатының іріктеуінде Беларусь құрамасының қақпасына екі доп енгізді.
2018 жылғы әлем біріншілігінің 1/8 финалында Швейцарияның қақпасына ойын тағдырын шешкен жалғыз голды соқты да, құрама 1994 жылдан бері бірінші рет ширек финалға жолдама алды.
Жетістіктері Командалық
«Мальмё»
Швеция чемпионы — 2013 Швеция суперкубогы — 2013
Дереккөздер
Сілтемелер Профилі (sports.ru) Malmö FF profile SvFF profile
Санат:Мальме ФК ойыншылары Санат:Сундсвалль ФК ойыншылары Санат:РБ Лейпциг ФК ойыншылары Санат:Швеция футболшылары Санат:Швеция Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары