Лерой Санеhttps://news.sportbox.ru/Vidy_sporta/Futbol/Leroy-Sane-Futbol-1315617989https://www.championat.com/football/news-3413233-leroj-zane--luchshij-molodoj-igrok-goda-v-anglii-po-versii-pfa.html (, кей жерлерде Леруа Санеhttps://www.vesti.ru/doc.html?id=2977362 деп те жазылады; 11 қаңтар 1996 жыл, Эссен) — неміс футболшысы, "Бавария" клубы мен Германия құрамасының шабуылшысы.

Мансабы Клубтық 2016 жылы жазда 55 млн еуроға "Шалькеден" "Манчестер Ситиге" ауысты. Солайша тарихтағы ең қымбат неміс футолшысына айналды. Алғашқы голын 18 желтоқсан күні "Арсеналдың" қақпасына соқты.

2020 жылы жазда "Баварияға" ауысты.

Ұлттық құрама Ұлттық құрамада алғаш рет 2015 жылы 13 қараша күні Франциямен жолдастық кездесуде алаңға шықты.

2017 жылы Конфедерация кубогы жеңімпазы атанды.

2018 жылғы әлем біріншілігіне оны құрамаға қосқан жоқ. Кейін мамандар құраманың әлем чемпионатындағы сәтсіздігін Саненің бармауымен байланыстырды.

2020 жылғы Еуропа чемпионатына қатысты.

Жетістіктері

Командалық «Манчестер Сити»

Англия чемпионы (2): 2017/18, 2018/19 Англия кубогы: 2018/19 Лига кубогы (2): 2017/18, 2018/19 Англия суперкубогы (2): 2018, 2019

«Бавария»

Германия чемпионы: 2020/21 Германия суперкубогы: 2021 УЕФА суперкубогы: 2020 Клубтар әлем чемпионаты: 2020

Германия

Конференциялар кубогы: 2017 Еуропа чемпионатының қола жүлдегері: 2016

Жеке

Англия чемпионатының үздік жас ойыншысы: 2017/18 Англия чемпионатының үздік ойыншысы: қазан 2017

Дереккөздер

Сілтемелер Статистикасы (Fussballdaten.de)

Санат:Германия футболшылары Санат:Германия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Шальке 04 ФК ойыншылары Санат:Манчестер Сити ФК ойыншылары Санат:Бавария ФК ойыншылары