Эдсон Омар Альварес Веласкес (; 24 қазан 1997 жыл, Тлальнепантла-де-Бас, Мексика) — мексикалық футболшы, «Америка (Мехико)» клубы мен Мексика Ұлттық құрамасының қорғаушысы.
Карьерасы "Америка" командасының түлегі. 2016 жылдан бері негізгі құрамда ойнап келеді. 2016 жылы 25 тамыз күні Мексика кубогында "Сантос Лагунаға" қарсы ойында дебьютант ретінде алаңға шықты.
Ұлттық құрама сапында 2017 жылы 9 ақпанда Исландияға қарсы жолдастық кездесуде тұңғыш рет алаңға шықты. 2017 жылы КОНКАКАФ алтын кубогына қатысты. Топтық турнирдің соңғы матчында Кюрасаоның қақпасына бір доп енгізді. Бұл кездесуде ацтектер 2:0 есебімен жеңіске жетті.
2018 жылы әлем чемпионатына қатысты. Топтық турнирдің үшінші матчында Швециямен ойында өз қақпасына гол соғып алды. Бұл ойында Мексика 0:3 есебімен ұтылып қалды. Соған қарамастан құрама 1/8 финалға жолдама алды.
Жетістіктері
Халықаралық Мексика
КОНКАКАФ Алтын кубогының қола жүлдегері — 2017
Дереккөздер
Сілтемелер Статистикасы Профилі
Санат:Мексика футболшылары Санат:Америка Мехико ФК ойыншылары Санат:Мексика Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Футболдан Солтүстік Америка чемпиондары