Эдинсон Роберто Кавани Гомес (; 1987 жылы 14 ақпанда туған, Сальто, Уругвай) — уругвайлық футболшы, "Манчестер Юнайтед" клубы мен Уругвай құрамасының шабуылшысы.

Мансабы

Клубтық Балалық шағында Уругвайдың бірнеше клубының мектебінен өтті. Кәсіби карьерасын 2005 жылы "Данубиода" бастады. Екі маусымнан соң, 2007 жылы қаңтарда "Палермоға" ауысты. "Палермо" сапындағы тұңғыш кездесуін 11 наурызда өткізді.

2010 жылғы жазғы ауысымда "Наполи" клубына жалға берілді. Бір жылдан соң неапольдық клуб түпкілікті сатып алды.

2013 жылы жазда "Пари Сен-Жерменге" ауысты. Тұңғыш ойынын 9 тамызда "Монпельеге" қарсы өткізді. 18 тамызда тұңғыш голын "Аяччоға" соқты. 2017 жылы клубқа Неймар мен Мбаппе келді. Бірақ Кавани негізгі құрамнан ығыса қоймады, керісінше 2017/18 жылғы маусымда 157-ші голын соғып, клуб тарихындағы ең үздік мерген атанды.

2019 жылы желтоқсанда "Атлетико Мадридпен" келісім шарт жасасты деген хабар тарады. Бірақ 2020 жылы жазда париждік клубпен келісім шарты біткен соң біраз уақыт клубсыз жүрді.

2020 жылы 5 қазанда "Манчестер Юнайтед" футболшысы атанды. Клубпен бір жылдық келісім шарт дасасты.

Ұлттық құрама 2011 жылғы Оңтүстік Америка чемпионы. Үш бірдей әлем чемпионатында (2010, 2014, 2018) гол соққан екі уругвайлық футболшының бірі, екіншісі Луис Суарес.

Статистикасы Клубтық 19 мамыр 2018

ЧемпионатКубокКонт.Басқа даБарыКлубЛигаМаусымОйынГолОйынГолОйынГолОйынГолОйынГол ДанубиоПримера2005/20061045300001572006/2007155000000155Бары25105300003013 ПалермоА сериясы2006/200772000000722007/20083352020003752008/2009351411000036152009/201034133200003715Бары1093463200011737 НаполиА сериясы2010/20113526201070047332011/2012352355850048332012/201334291177114338Бары1047886251911138104 ПСЖ1 лига2013/2014301655840043252014/20153518771061053312015/20163219931021152252016/2017363566880050492017/201832287587104840Бары1651163426442731246170Бүкіл карьерасында4032385338714642531324

Ұлттық құрама 26 наурыз 2018

+ҚұрамаЖылӘЧ іріктеулеріӘч Финалдық турнирАмерика кубогыКонфедерациялар кубогыЖолдастық кездесулерБәріОйынГолОйынГолОйынГолОйынГолОйынГолОйынГолУругвай200810 - - - - - -3141200960 - - - - - -20802010 - -61 - - - -66127201131 - -30 - -61122201261 - - - - - -3293201394 - - - -43201572014 - -41 - - - -63104201521 - -40 - -2384201677 - -30 - -12119201762 - - - - - -31932018 - - - - - - - -2222Барлығы401610210043362110042

Жетістіктері Наполи

Италия кубогы: 2011/12

Пари Сен-Жермен

Франция чемпионы (4): 2013/14, 2014/15, 2015/16, 2017/18, 2018/19, 2019/20 Франция суперкубогы (5): 2013, 2014, 2015, 2016, 2017 Франция кубогы (4): 2014/15, 2015/16, 2016/17, 2017/18, 2018/19 Француз лигасының кубогы (5): 2013/14, 2014/15, 2015/16, 2016/17, 2017/18

Уругвай

Америка кубогы: 2011

Жеке Италия кубогының үздік мергені: 2011/12: 5 гол Италия чемпионатының үздік мергені: 2012/13: 29 гол Уругвайдағы жыл футболшысы: 2013 Италиядағы жыл футболшысы: 2013 Франция чемпионатының үздік мергені (2) 2016/17: 35 гол; 2017/18: 29 гол «Пари Сен-Жермен» клубы тарихындағы үздік мерген: 170 гол

Дереккөздер

Санат:Уругвай футболшылары Санат:Уругвай Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Футболдан Оңтүстік Америка чемпиондары Санат:Данубио ФК ойыншылары Санат:Палермо ФК ойыншылары Санат:Наполи ФК ойыншылары Санат:Пари Сен-Жермен ФК ойыншылары Санат:Манчестер Юнайтед ФК ойыншылары