Йоханнес (Йохан) Якобюс Нескенс (; 15 қыркүйек 1951 жыл, Хемстеде) — нидерланд футболшысы, Нидерланд Ұлттық футбол құрамасының 70-80 жылдардағы жартылай қорғаушысы. "Аякс" сапында ойнап клубтық деңгейдегі жүлде атаулының бәріне қол жеткізді.
1974, 78 жылдары әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.
Ұлттық құрамада Нескенс Ұлттық құрама сапында 49 матчта алаңға шықты.1974 жылғы әлем біріншілігінің финалдық матчында 2-минутта-ақ пенальтиді дәл соғып есеп ашты. Бұл финалдық матчтар тарихындағы ең жылдам гол-тұғын (сонымен бірге финалдық ойындағы тұңғыш пенальти). Бірақ бұл кездесуде Нидерланд құрамасы ГФР-дан 1:2 есебімен ұтылып қалды.
1976-81 жылдар аралығында Ұлттық құрамада бір гол да енгізе алмады. 1978 жылғы әлем біріншілігінде де командадағы жетекші футболшылардың бірі болды, бірақ құрама бұл жолы да финалда алаң иелерінен (Аргентина) ұтылып қалды.
ӘЧ-1982 іріктеу турнирінде Нескенс 1981 жылы қараша айында Парижде Франциямен болған ойында соңғы рет ұлттық құрама жейдесін киді. Бұл кездесуде қызғалдақтар елі 0:2 есебмен ұтылды да, әлем чемпионатынан сырт қалды.
Жетістіктері
Командалық
Ұлттық құрама
Әлем чемпионатының күміс жүлдегері (2): 1974, 1978 Еуропа чемпионатының қола жүлдегері: 1976
«Аякс»
Нидерланд чемпионы (2): 1972, 1973 Нидерланд кубогы (2): 1971, 1972 Чемпиондар кубогы (3): 1970/71, 1971/72, 1972/73 УЕФА Суперкубогы (2): 1972, 1973 Құрлықаралық кубок: 1972
«Барселона»
Испания кубогы: 1978 Куьок иелері кубогы: 1978/79
«Нью-Йорк Космос»
NASL чемпионы (2): 1980, 1982
Жеке
"Алтын доп" номинанты (4): 1972, 1974, 1975, 1978 Испаниядағы үздік легионер: 1976 ФИФА 100
Сілтемелер Профилі Статистикасы Статистикасы Йохан Нескенс. Профилі Статистикасы Санат:Нидерланд футболшылары Санат:Аякс Амстердам ФК ойыншылары Санат:Барселона ФК ойыншылары Санат:Нью-Йорк Ғарыш (1970—1985) ФК ойыншылары Санат:Гронинген ФК ойыншылары Санат:Нидерланд футбол жаттықтырушылары Санат:Нидерланд Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары