Хорхе Луис Бурручага () — аргентиналық футболшы, Аргентина құрамасының шабуыл шебінде ойнаған.
Әлем чемпионаттарында 1986 жылғы әлем чемпионы. 1986 жылғы әлем чемпионатының топтық турнирінде Болгарияның қақпасына бір гол соқты. Финалында ГФР қақпасына шешуші, үшінші голды енгізді. Бұл ойында Аргентина 3:2 есебімен жеңіске жетті.
1990 жылғы әлем чемпионатына да қатысып, топтық турнирде КСРО құрамасының қақпасына екінші голды соқты. Бұл кездесу 2:0 есебімен Аргентинаның пайдасына шешілді. Осы чемпионаттың финалында да ойнады, бірақ гол соға алмай, 53 минутта алмастырылды.
Ұлттық құрама сапында 1983-90 жылдары ойнап, 57 кездесу де 13 доп соқты.
Клубтары 1982—1985 Индепендьенте146 (53)1985—1992 Нант140 (27)1992—1993 Валансьен32 (10)1995—1998 Индепендьенте89 (19)
Бапкерлік карьерасы 2002—2005 Арсенал (Саранди)2005—2006 Эстудиантес2006—2007 Индепендьенте2008—2009 Банфилд2009—2010 Арсенал (Саранди)2011—2012 Либертад2012—2014 Атлетико Рафаэла2015—2016 Атлетико Рафаэла
Жетістіктері
Аргентина чемпионы (1): 1983 (Метрополитано) Либертадорес (1): 1984 Либертадорес суперкубогы (1): 1995 Рекопа кубогы (1): 1995 Континентаралық кубок (1): 1984 Әлем чемпионы (1): 1986 Әлем чемпионатының финалисі (1): 1990
Сілтемелер Биографиясы
Санат:Аргентина футболшылары Санат:Аргентина Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Футболдан әлем чемпиондары Санат:Индепендьенте ФК ойыншылары Санат:Нант ФК ойыншылары Санат:Валансьен ФК ойыншылары Санат:Аргентина футбол жаттықтырушылары Санат:Эстудиантес ФК жаттықтырушылары Санат:Индепендьенте ФК жаттықтырушылары