Инанш Білге хан () немесе Инанш Білге Боғұ хан () немесе Инат хан — Найман хандығының ханы болған. Гумилёвтің айтуынша, оның христианша аты Джон (Иоанн) болған.
Билігі Ол Наймандардың Бетегін тайпасынан кейін тұрған Күшіғұт тайпасынан шыққан. Үлкен ағасы Наркеш Таянмен (қытайша: 納兒黑失太陽) бірге Енисей қырғыздарын бағындырған және кейінірек ағасынан кейін хандыққа отырған. 1143 жылы Елұй Дашы қайтыс болған соң, Инанш хан дербес билеушіге айналды. Ол 1174 жылы Керейіттердің билеушісі Тоғрыл ханның інісі Ерке Қараны қолдады. Инанш хан қайтыс болғаннан кейін, Найман ұлысы екіге бөлініп, оның ұлдары әрқайсысы жеке билік жүргізді.
Отбасы Инанш ханның Гүрбесу (қытайша: 古兒別速) және басқа да әйелдерінен кемінде екі ұлы болған: Тайбұқа, ол Таян хан ретінде белгілі Бұйрық хан Гүрбесу кейінірек өзінің өгей ұлы Тайбұқаға үйленген (леварат некесі, әмеңгерлік).
Сипаттамасы «Моңғолдың құпия шежіресінде» Инанш хан Наймандар арасында абыройлы адам ретінде сипатталған.
Әдебиет Қинаятұлы З., Моңғол үстіртін мекен еткен соңғы түрік тайпалары: 9 – 12 ғасырлар, А., 2001. Дереккөздер
Санат:1143 жылы туғандар Санат:1201 жылы қайтыс болғандар