Тувалу Ұлттық футбол құрамасы — халықаралық футбол жарыстарында Тувалудың намысын қорғайды. Океания Футбол Конфедерациясына жартылай ғана мүше. Әлі ФИФА-ға мүше болмаған. Сондықтан ОФК Ұлттар кубогы мен Әлем чемпионатының іріктеулеріне қатыса алмайды. Басқарушы орган - Тувалу Футбол Қауымдастығы.
Тарихы Осы күнге дейін тек төрт аймақтық турнирге ғана қатысқан. 1979, 2003, 2007, 2011 жылдары Тынық Мұхит Ойындарында бақ сынады. 1979 жылы 12 команданың арасында 8-ші орын алды. Құрама осыдан соң 24 жыл өткен соң ғана бас қосты. 2003 жылы Тынық Мұхит ойындарына қатысты. Бұл жолы 10 құраманың арасында 8-ші орынға табан тіреді. 2007 жылғы көрсеткіші де осы шамалас, 10 команданың арасында 9-шы орын алды.
Бапкерлері Тим Джеркс (2003) Тоакаи Пуапуа (2006—2010) Фоппе де Хаан (2011) Стеван де Гейтер (2012—2013) Боб Роосен (2013—)
Басқа да фактілер Тарихында бір рет қана жолдастық кездеу өткізген. 2003 жылғы Тынық Мұхит ойындары қарсаңында, 1 мамыр күні даярлық ретінде Фиджи құрамасымен ойнаған — 0:9.
Сілтемелер Тувалу құрамасының ойындары
Санат:Тувалу Ұлттық футбол құрамасы