Марко Асенсио Виллемсен (; 21 қаңтар 1996 жыл, Пальма, Испания) — испан футболшысы. "Пари Сен-Жермен" командасының "Астон Виллаға" жалға берілген шабуылшысы. Баск-Нидерланд тумасы. Әкесі испан, анасы нидерландылық.

Мансабы Клубтық Кәсіпқой футболшы карьерасын 2013 жылы туған клубы "Мальоркада" бастаған. 2014 жылы желтоқсанда "Реалмен" шарт жасасып, келесі жазда командаға ауысты. 2015-16 жылғы маусымды каталондық "Эспаньол" сапында өткізді. 2016 жылы жазда "Реалға" қайта орала салып, УЕФА Суперкубогында "Севильямен" ойында гол соғып, көзге түсті. Бұл ойында мадридтіктер 3:2 есебімен жеңіске жетті де, Асенсио ең алғашқы халықаралық титулына қол жеткізді.

2017 жылы УЕФА Чемпиондар Лигасының финалында "Ювентус" қақпасына гол соқты.

Жетістіктері

Клубтық Испания чемпионы — 2016/17. 2019/20, 2021/22 УЕФА Суперкубогы (2)— 2016, 2017, 2022 Испания суперкубогы — 2017, 2021/22 Клубтар арасындағы әлем чемпионаты (2)— 2016, 2017, 2022 УЕФА Чемпиондар Лигасы — 2016/17, 2017/18, 2021/22 Франция чемпионы: 2023/24, 2024/2025 Франция кубогы: 2023/24 Франция суперкубогы (2): 2023, 2024 Дереккөздер

Cыртқы сілтемелер Sports.ru сайтындағы профилі

Санат:Реал Мадрид ФК ойыншылары Санат:Испания футболшылары Санат:2020 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегерлері Санат:Пари Сен-Жермен ФК ойыншылары Санат:Астон Вилла ФК ойыншылары Санат:Испания Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары