Лестер Сити — (ағылшынша - Leicester City Football Club) - Англияның кәсіби футбол клубы. Өз алаңындағы ойындарын 2002 жылдан бері "Кинг Пауэр" стадионында өткізеді.
Тарихы 1884 жылы құрылған. 1929 жылы Англия чемпионатының күміс жүлдесін иеленген. Ең зор табысына 2015/16 жылғы маусымда қол жеткізіп, Ағылшын премьер-лигасының чемпионы атанды. 2016/17 жылы УЕФА Чемпиондар Лигасына қатысып, 1/4 финалға дейін жетті. Мадридтің "Атлетикосымен" бақ сынасып, сыртта 0:1 есебімен ұтылды да, өз алаңында 1:1 есебімен тең түсті. Екі ойынның қорытындысы бойынша, испандық клуб жартылай финалға өтті.
2015/16 жылғы маусымда команданы италиялық маман Клаудио Раньери жаттықтырып, өз тарихында тұңғыш рет Англия чемпионатында топ жарды. Бірақ 2017 жылғы ақпан айында клуб 17-ші орынға түсіп кетті. Осының салдарынан Раньери командадан кетті. Оның орнына Крейг Шекспир келді де, команда қатарынан бес матчта жеңіске жетті.
Биыл команданы франциялық маман Клод Пюэль жаттықтырып жатыр.
Жетістіктері Англия чемпионы (1): 2015/16 Күміс жүлдегер 1928/29 Англия кубогы: 2020/21 Футбол Лигасының кубогы (3): 1964, 1997, 2000 Футболдан Англия суперкубогы (2): 1971, 2021
Құрамы (2017/18) 30 қаңтар, 2018https://www.lcfc.com/teams/first-team
№. Мемлекеттік азаматтығы Футболшы Туған күні Командаға келген уақыты Контркт мерзімі Қақпашылар1 Каспер Шмейхель 05.11.1986 2011 2021 12 Бен Хамер 20.11.1987 2014 2018 17 Элдин Якубович 02.10.1984 2017 2020 Қорғаушылар2 Дэнни Симпсон 04.01.1987 2014 20193 Бен Чиллуэл 21.12.1996 2015 20215 Уэс Морган к 21.01.1984 2012 20196 Роберт Хут 18.08.1984 2015 2018 15 Гэрри Мэгуэйр 05.03.1993 2017 2022 16 Aлександр Давидович 06.03.1991 2017 2018 28 Кристиан Фукс 07.04.1986 2015 2019 29 Йоан Беналуан 28.03.1987 2015 2019 Жартылай қорғаушылар7 Демарай Грэй 28.06.1996 2016 2020 10 Энди Кинг 29.10.1988 2007 2020 11 Марк Олбрайтон 18.11.1989 2014 2020 18 Даниэль Амарти 21.12.1994 2016 2020 21 Висенте Иборра 16.01.1988 2017 2021 22 Мәтти Джеймс 22.07.1991 2012 2022 23 Адриен Силва 15.03.1989 2017 2021 25 Вильфред Ндиди 16.12.1996 2017 2022 26 Рияд Марез 21.02.1991 2014 2020 32 Харви Барнс 09.12.1997 2016 2021 Шабуылшылар8 Келечи Ихеаначо 03.10.1996 2017 20229 Джейми Варди 11.01.1987 2012 2020 19 Ислам Слимани 18.06.1988 2016 2021 20 Синдзи Окадзаки 16.04.1986 2015 2019 Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер Клубтың ресми сайты
Санат:Англия футбол клубтары Санат:1884 жылы құрылған футбол клубтары