+ <small> Қазақстан200px| Жыл 2018 Бапкері Станимир Стоилов Матч саны9 (+3 =3 -3, 15-11) 2016-17 ← → 2019 ӘЧ-2018 іріктеуіндегі сүреңсіз нәтижелері үшін 2018 жылы қаңтарда Александр Бородюк бас бапкер қызметінен босады. 2018 жылы 1 наурызда құраманың бапкері болып болгариялық маман, "Астана" клубын жаттықтырған, еурокубоктерде бірнеше белестерді бағындырған Станимир Стоилов тағайындалды.

Шолу Стоилов қызметін жеңіспен бастады: 23 наурыз күні сырт алаңда 3:2 есебімен Мажарстанды ұтты, бірақ үш күннен соң Болгариядан ұтылды — 1:2. 7 маусым күні Астанада 3:0 есебімен Әзірбайжанды ұтты. Осылайша құрама араға 10 жыл салып Еуропадағы құраманы ірі есеппен ұтты.

2018 жылы қыркүйекте Қазақстан құрамасы жаңадан ұйымдастырылған турнир — УЕФА Ұлттар Лигасына қатыса бастады. Аталмыш турнирдің алғашқы матч Астанада Қазақстан және Грузия құрамалары арасында өтіп, қазақстандықтар 0:2 есебімен ұтылып қалды. Өкінішке орай турнир тарихындағы тұңғыш гол Қазақстанның қақпасына соғылды.

Бұдан кейінгі ойындарда да құрама онша ойнай алмады, сырт алаңда Латвия және Андоррамен 1:1 есептерімен тең ойнады, тек төртінші турда ғана Астанада 4:0 есебімен Андорраны ұтты. Бұл турнир кестесіндегі жағдайына әсер етпеді, Грузия төртінші турдан соң-ақ мерзімінен бұрын топ жеңімпазы атанды.

2018 жылы Бақтияр Зайнутдинов, Еркебұлан Сейдахмет, Роман Муртазаев, Еркебұлан Тұңғышбаев, Серікжан Мұжықов, Оралхан Өміртаев секілді футболшылар құрамадағы тұңғыш голдарын соқты.

Матчтар

Матчтар тізімі

183. Мажарстан-Қазақстан-2:3 184. Болгария-Қазақстан-2:1 185. Қазақстан-Әзірбайжан-3:0 186. Қазақстан-Грузия-0:2 187. Андорра-Қазақстан-1:1 188. Латвия-Қазақстан-1:1 189. Қазақстан-Андорра-4:0 190. Қазақстан-Латвия-1:1 191. Грузия-Қазақстан-2:1

Жолдастық кездесулер

УЕФА Ұлттар Лигасы — 2018/19 Д лигасы. 1 топ

Серікжан Мұжықов алаңнан қуылды — 76

Жорди Алаэс алаңнан қуылды (64, екі ескерту)

Дереккөздер

Санат:Қазақстан Ұлттық футбол құрамасы Санат:2018 жылғы футбол