Хечо Михайлович Назарьянц (1906 жыл - 1942) — кинооператор, Ұлы Отан соғысы қатысушысыХечо Назарьянц.

Өмірбаяны 1906 жылы туылған.

1929 жылы Ленинград кинофототехникумын бітіріп, киностудияда ассистент ретінде, одан кейін екінші оператор ретінде жұмыс істеп бастайды.

Өзі жеке түсірген алғашқы картинасы - «Амангелді» фильмі. «Райхан» фильмін түсіру кезінде Назарьянц басқа ленфильмдік операторлармен бірге қазақстандық кинематографистерді операторлық жұмыстарға үйретті.

Ұлы Отан соғысының алғашқы апталарында Назарьянц «№ 2 әскери киножинағын» шығаруға қатысты. 1942 жылдың басында мобилизация бойынша Қызыл Армияға кетті. Сол жылы Ленинград маңында болған ұрыстардың бірінде қаза болды.

Фильмографиясы Оператор ретінде 1930 - Бетке ұрған жел 1931 - Кім жақсырақ? 1938 - Амангелді 1939 - Патриот 1940 - Райхан 1941 - № 2 әскери киножинақ 1941 - № 4 әскери киножинақ

Дереккөздер