Алғабас — Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданындағы ауыл, Алғабас ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы — Жымпиты ауылының солтүстік-батысында 55 км, ал облыс орталығы — Орал қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 85 км жерде, Көпіраңқаты өзенінің жағасында көкпек, қаражусан өскен, қызғылт топырақты құрғақ дала белдемінде орналасқанҚазақ энциклопедиясы.

Тарихы Іргесі алғаш 1936 жылы “Қызылту” астық кеңшарын ұйымдастыруға байланысты қаланған. 1997 жылға дейін кеңшар мен ауылдық кеңес орталығы болды. Кеңшар негізінде шаруа (фермер) қожалықтары құрылған.

Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 1835 адам (1031 ер адам және 804 әйел адам) болса, 2009 жылы 1347 адамды (708 ер адам және 639 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том

2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 1200 адамды (631 ер адам және 569 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары

Ауыл тынысы Машина-трактор жөндеу шеберханасы, орта мектеп, клуб, фельдшерлік-акушерлік пункт бар.

Дереккөздер

Санат:Сырым ауданы елді мекендері