Достық ауылдық округі – Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданындағы әкімшілік бірлік.

Әкімшілік құрамы Құрамына Достық, Красный Урал, Чувашинское ауылдары кіреді. Орталығы – Достық ауылы.

Тарихы 2000 жылдарға дейін Фурманов ауылдық округі деп аталды. 2013 жылы Достық ауылдық округінің Жалын ауылы Макаров ауылдық округіне беріліп, таратылған Чувашин ауылдық округі қосылды.Батыс Қазақстан облысының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы

Халқы 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 5132 адамды (2545 ер адам және 2587 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары

Дереккөздер

Санат:Бәйтерек ауданы ауылдық округтері