Атамекен ауылдық округі – Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданындағы әкімшілік бірлік. 2022 жылға дейін Железнов ауылдық округі деп аталған.Батыс Қазақстан облысының кейбір елді мекендерін қайта атау туралы
Әкімшілік құрамы Құрамына Атамекен, Гремячее, Қайнар ауылдары кіреді. Орталығы – Атамекен ауылы. Округ құрамында болған Соколовка ауылы 2011 жылы таратылған.Батыс Қазақстан облысының Ақжайық және Зеленов аудандарының кейбір елді мекендерін тарату туралы
Халқы 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 1559 адамды (785 ер адам және 774 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары
Дереккөздер
Санат:Бәйтерек ауданы ауылдық округтері