Пугачёво — Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданындағы ауыл, Пугачёв ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы - Ақсай қаласынан солтүстік-батысқа қарай 8 км-дей жерде, Шыңғырлау өзенінің жағасында орналасқан.
Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 1426 адам (708 ер адам және 718 әйел адам) болса, 2009 жылы 2188 адамды (1091 ер адам және 1097 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 2427 адамды (1223 ер адам және 1204 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары
Дереккөздер
Санат:Бөрлі ауданы елді мекендері