Шонай — Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы, Сайқын ауылдық округі құрамындағы ауыл.
Географиялық орны Аудан орталығы - Сайқын ауылынан оңтүстікке қарай 30 км-дей жерде.
Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 584 адам (307 ер адам және 277 әйел адам) болса, 2009 жылы 365 адамды (186 ер адам және 179 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 199 адамды (103 ер адам және 96 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары
Дереккөздер
Санат:Бөкей ордасы ауданы елді мекендері Санат:Қазақстан темір жол бекеттері