1934 жылы Италияда өткен футболдан әлем чемпионатының шешуші кездесуі. Матч 10 маусымда Римде Италия мен Чехословакия футболшыларының арасында өтіп, Италия 2:1 есебімен жеңіске жеттіhttp://world-cups.ru/worldcup_1934_ft.php .
Матч
Шолу Бұл қосымша уақытқа созылған тарихтағы тұңғыш финалдық ойын еді. 73 минутта Чехословакия сапынан Антонин Пуч есеп ашқанымен,81 минутта Раймондо Орси есепті теңестірді. Ал, қосымша уақыттың бесінші минутында Анджело Скьявио Италияны алға шығарды. Кейін белгілі болғандай, бұл жеңіс добы еді. Италия әлем чемпионы атанды.
Италия футболшыларын диктатор Бенито Муссолини қатты қысымға алыпты. Жеңбесе өлім жазасына ұшырайтын болған соң футболшылар барын салып, сол кездегі ең мықты деген чехтарды жанкештілікпен тізе бүктіріпті.
Детальдар
ҚҚ Джанпьери Комби (к)ҚР Эральдо МонзельоҚР Луиджи АлламендиЖҚ Аттилио ФеррарисЖҚ Луис МонтиЖҚ Луиджи БертолиниШ Энрике ГуайтаШ Джузеппе МеаццаШ Джованни ФеррариШ Раймундо ОрсиШ Анджело СкьявиоБапкер:Витторио ПоццоҚП Франтишек Планичка (к)ҚР Йозеф ШтирокиҚР Ладислав ЖенишекЖҚ Рудольф КрчилЖҚ Штефан КамбалЖҚ Йозеф КшталекШ Антонин ПучШ Олдржих НеедлыШ Франтишек СвоводаШ Франтишек ЮнекШ Иржи СоботкаБапкер:Карел Петру
Тағы да деректер Италия құрамасының сапында Луис Монти атты аргентиналық келімсек ойнапты. Ол 1930 жылғы финалда да Аргентинаның сапында алаңға шыққан болатын. Осылайша, ол екі түрлі ұлттық құраманың сапында финалдық матчта ойнаған тарихтағы жалғыз футболшы.
Дереккөздер
Сілтемелер
Санат:Футболдан 1934 жылғы әлем біріншілігі Санат:Италия Ұлттық футбол құрамасының ойындары Санат:Чехословакия Ұлттық футбол құрамасының ойындары Санат:1934 жылғы футбол Санат:Футболдан әлем біріншілігінің финалдары