Ағылшын тілі әліпбиі латын әліпбиіне негізделген және 26 әріптен тұрады.
6 әрпі дауысты дыбысты білдіреді (монофтонгтар және дифтонгтар, дербес немесе құрамында диграфтармен): "A", "E", "I", "O", "U", "Y".
21 әрпі дауыссыз дыбыстарды білдіреді: "B", "C", "D", "F", "G", "H", "J", "K", "L", "M", "N", "P", "Q", "R", "S", "T", "V", "W", "X", "Y", "Z".
"Y" әрпі дауыссыз дыбысты білдіреді, сондай-ақ дауысты дыбыс ретінде қолданылады.
"W" әрпі дербес дауыссыз дыбысты білдіреді, бірақ ол диграфтардың құрамында дауысты дыбысты береді. Британдық айтылуда () "R" әрпінеде осы заңдылық қолданылады .
Қазіргі ағылшын әліпбиі әріптері № ӘріпАталуыӘріптердің атауларының айтылуы (ХФӘ) Әріптердің атауларының қазақша жазбасыЕскертпелер 1 A a a [eɪ] эй 2 B b bee [biː] би 3 C c cee [siː] си 4 D d dee [diː] ди 5 E e e [iː] и 6 F f ef [ef] эф 7 G g gee [dʒiː] джи 8 H h aitch [eɪtʃ] эйч 9 I i i [aɪ] ай 10 J j jay [dʒeɪ] джей 11 K k kay [keɪ] кей 12 L l el [el] эл 13 M m em [em] эм 14 N n en [ɛn] эн 15 O o o [əʊ] оу 16 P p pee [piː] пи 17 Q q cue [kjuː] кью 18 R r ar [ɑː, ar] а, ар Солтүстік Америка айтылуында 19 S s ess [es] эс 20 T t tee [tiː] ти 21 U u u [juː] ю 22 V v vee [viː] ви 23 W w double-u ['dʌbljuː] дабл-ю 24 X x ex [eks] экс 25 Y y wy [waɪ] уай 26 Z z zed, zee [zɛd, ziː] зед, зи zee—америкалық нұсқада
Диграфтар Ағылшын тілінде төмендегі диграфтар қолданылады: sh = [ʃ], "shine" [ʃaɪn]; zh = [ʒ], "Zhukov" [ˈʒukov] (тек практикалық транскрипцияларда); ch = [tʃ], "China" [ˈtʃaɪnə]; = [k] грек тілінен шыққан сөздерде, "echo" [ˈekəʊ], сондай-ақ басқа тілдерден алынған кірме сөздерде: иврита, "Michael" [ˈmaɪkəl]; неміс, "Mach" [mak]; және т. б.; kh = [x], "Kharkov" [ˈxarkov] (тек практикалық транскрипцияларда); th = [ð] не [θ], "the" [ðiː, ðə], "think" [θɪŋk].
Диакритикалық таңбалар Диакритикалық таңбалар негізінен кірме сөздерге қолданылады. Осындай сөздер ағылшын тіліне сіңіп кете салысымен, олар диакритикалық таңбаларды жоғалтады. Мысалы, француз сөзінен алынған hôtel кірме сөзі, кейіннен диакритикалық таңбалардан мүлдем арылды. Бейресми ағылшын тілінде диакритика пернетақтада таңбалардың болмауы әсерінен көп қолданылмайды, ал кәсіби копирайтерлер және әріп терушілер оны қолдануды жөн көреді.
Тарихы Ағылшын тілінде жазбалар шамамен б.з V ғасырынан бастап пайда болған, жазу үшін англо-саксондық руналар қолданылған. Рундардың латын әрпіне ауыстырылуы VII ғасырдан христиандық миссионерлердің келуімен басталды
Әріптерінің жиілігі Ағылшын тілінде ең жиі кездесетін әріп "E", ең сирек кездесетін — "Z".
Төменде кездесетін әріптер жиілігі берілген. ӘрпіETAOINSHRDLCUMWFGYPBVKXJQZЖиілігі, %12,79,068,177,516,976,756,336,095,994,254,032,782,762,412,362,232,021,971,931,490,980,770,150,150,10,05
Санат:Ағылшын тілі Санат:Латын әліпбиіне негізделген әліпбилер