Көзенкөл – Күршім жотасының батыс сілеміндегі ағынсыз көл.

Географиялық орны Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Бурабай ауылынан оңтүстікке қарай 10 км-дей жерде.

Гидрографикасы Теңіз деңгейінен 369 м биіктікте жатыр. Аумағы 1,4 км2, ұзындығы 2 км, енді жері 1 км. Ең терең жері 6,6 м. Су жиналатын алабы 45 км2. Химиялық құрамы жағынан гидрокарбанаттар классы, натрийі топқа жатады. Суы ащы, аздап сілтілі, кермек татиды. Құрамында фтор, бор және бром кездеседі. Тасыған өзен және жер асты суларымен толысады.

Өсімдігі Көл жағалауында бетеге, қара жусан, қараған, арасында итмұрын, бозқараған, тобылғы кездеседі. Жағалауына үйрек ұя салады, ондатра мекендейді.Шығыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. 2014 - 399 бет

Дереккөздер

Санат:Күршім ауданы көлдері