Ебейті — Ақтөбе облысының Байғанин ауданындағы ауыл, Қопа ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы - Қарауылкелді ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 82 км-дей жерде.
Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 1033 адам (520 ер адам және 513 әйел адам) болса, 2009 жылы 828 адамды (432 ер адам және 396 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 763 адамды (403 ер адам және 360 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары
Дереккөздер
Санат:Байғанин ауданы елді мекендері