«Наурыз» күні туылғандарды халық бақытты, ерекше адамдар деп санаған. Сондай себеппен оларға «Наурыз есімін» беретін болған. Мысалы, қазақ халқында Наурызбай Құтпанбайұлы (1700–1781), Наурызбай Қасымұлы (1822—1847) атты әйгілі батырлар болған. Алтын ордада Наурыз есімді хан (1359–60) болғаны тарихтан белгілі. Наурызгүл, Наурызбек, Наурызәлі деген адам аттары да жиі кездесетіні белгілі. Қазақ халқының салт-дәстүрлері. - Алматы: «Алматыкітап баспасы» ЖШС, 2014
Дереккөздер