Гүлбаушан Тілеубекова (1960 жылы 8 наурызда Алматы облысы Талғар ауданында туған) — актриса. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2007).
Толығырақ Гүлбаушан Тілеубекова 1960 жылы 8 наурызда Алматы облысы Талғар ауданы Тұздыбастау ауылында дүниеге келген. Ж.Елібеков атындағы Республикалық эстрда-цирк колледжі (бұрынғы Алматы эстрадалық цирк студиясы)ның әнші мамандығы бойынша Қазақстанның халық артисі, профессор Бекен Жылысбаевтың классын бітірген. Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы (бұрынғы Алматы мемлекеттік театр және көркемсурет институты)ның "музыкалық комедия" бөлімінде Қазақстанның халық артисі, профессор Кәукен Кенжетаевтың шеберханасын бітірген. "Сазген сазы" фольклорлы ансамбльінде әншісы болған. 1977 - 2005 жылдары "Тамаша" әзіл-сқақ театрының белді актрисасы болды. Осы театрда жүріп, республика жұртшылығына кеңінен танылған. Қазақстанның бірнеше облыстары мен қалаларына, аудандарына гастрольдік сапарымен барған. 2005 жылы әріптесі Данагүл Темірсұлтанова мен бірігіп, "Аққу мен Гәкку" атты әзіл - сқақ театрын ашты. 2007 жылы Елбасының жарлығымен "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағымен марапатталған.
Санат:Республикалық эстрада цирк колледжі түлектері Санат:Қазақ ұлттық өнер академиясы түлектері Санат:Қазақстан театр актрисалары