Футзалдан Еуропа чемпионаты () — УЕФА аясында жүргізілетін ұлттық құрамалар арасында футзалдан ең басты жарыс. Алғаш рет турнир 1996 жылы өткізілді және 1999 жылдан бастап, әр 2 жыл сайын өткізіледі. 2018 жылдан бастап, əр 4 жыл сайын өткізіледі.

Тарихы 1988 жылы ФИФА футзалды жаңа спорттық пән ретінде ресми түрде енгізді. 1989 жылдың қаңтарында Бразилия құрамасы тарихтағы тұңғыш ФИФА футзалдан Әлем чемпионы атанды. 1990-жылдары Еуропада футзал тез қарқынмен дамып, осы спорт түрімен айналысатын елдер саны өсті.

1996 жылдың қаңтарында УЕФА Испанияның Кордова қаласында өзінің алғашқы еуропалық футзал турнирінұйымдастырды. Бұл жарыста алаң иелері айқын басымдықпен жеңіске жетті. Сол жылы өткен Әлем чемпионатының жартылай финалына үш бірдей еуропалық құрама шыққан соң, 1997 жылдың сәуір айында УЕФА-ның Атқарушы комитеті толыққанды УЕФА Еуропа чемпионатын өткізу туралы шешім қабылдады.

Алғашқы жылдар (1999–2007) Тұңғыш УЕФА Еуропа чемпионаты 1999 жылы Испанияның Гранада қаласында өтті. Финалда Ресей құрамасыалаң иелерімен кездесті. Ойын 3:3 есебімен тең аяқталып, пенальти сериясында Константин Еременконыңшешуші соққысы Ресейге алғашқы чемпиондық титулды алып келді.

2001 жылы Мәскеуде өткен чемпионатта Испания жартылай финалда Ресейді, ал финалда Украина құрамасынұтып, чемпион атанды.

Украина құрамасы 2003 жылы қайтадан финалға шыққанымен, бұл жолы алаң иелері Италияға есе жіберді (Винисиус Бакаро ойын тағдырын шешкен жалғыз гол соқты). 2000 және 2004 жылғы Әлем чемпиондары атанған Испания құрамасы 2005 жылы Еуропадағы титулын қайтарып алды. Олар финалда Ресейді 2:1 есебімен ұтты. 2007 жылы Портуда өткен біріншілікте Испания Италияны 3:1 есебімен жеңіп, титулын қорғап қалды.

Турнирдің кеңеюі (2010–2016) Бес рет сегіз командамен өткізілгеннен кейін, 2010 жылы Венгрияда өткен додада қатысушылар саны 12-ге дейін ұлғайтылды. Турнир УЕФА күнтізбесіндегі бос орынды толтыру мақсатында қаңтар айына ауыстырылды. Дебреценде өткен финалда Испания Португалияны 4:2 есебімен жеңіп чемпион болды.

2012 жылы Хорватияда өткен чемпионат көрермендер саны бойынша рекорд орнатты (жартылай финалдағы Хорватия мен Ресей матчын 14 300 жанкүйер тамашалаған). Финалда Испания қосымша уақытта Ресейді 3:1 есебімен ұтты.

2014 жылы Бельгияның Антверпен қаласында өткен жартылай финалда Ресей Испанияны қосымша уақытта жарыс жолынан шығарды. Финалда италиялықтар Ресейді 3:1 есебімен жеңді.

2016 жылы Белградта өткен турнирді жалпы саны 100 000-нан астам жанкүйер тамашалады. Финалда Испания Ресейді 7:3 есебімен жеңіп, үстем болды.

Жаңа формат (2018 жылдан бастап) 2018 жылы Люблянада өткен чемпионатта көрермендер саны қайтадан жүз мыңнан асты. Финалда Португалия қосымша уақытта Испанияны 3:2 есебімен жеңіп, өз тарихында алғаш рет Еуропа чемпионы атанды.

Осыдан кейін Футзалдан Еуропа чемпионатының форматы өзгерді. Қатысушылар саны 16 командаға дейін жеткізіліп, турнир әр төрт жыл сайын өткізілетін болды. Сондай-ақ үйде және сыртта өтетін іріктеу кезеңдері енгізілді. Жаңа форматтағы алғашқы финалдық кезең Амстердамда (Нидерланд) өтті. Онда Португалия құрамасы Ресейді 4:2 есебімен жеңіп (камбэк жасап), чемпиондық атағын сақтап қалды.

Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионаттарында үш рет (2016, 2018, 2022) қатысты.

Жеңімпаздары және жүлдегерлері ЖылӨткізілген орныФинал3-ші орын үшін матчЧемпионЕсепВице-чемпион3-ші орынЕсеп4-ші орын1996Кордова, ИспанияИспания5:3РесейБельгия3:2Италия1999Гранада, ИспанияРесей3:3 (4:2) пен. ИспанияИталия3:0Нидерланд2001Мәскеу, РесейИспания2:1УкраинаРесей2:1Италия2003Аверса/Казерта, ИталияИталия1:0УкраинаИспанияМатч өткізілмедіЧехия2005Острава, ЧехияИспания2:1РесейИталия3:1Украина2007Гондомар/Санту-Тирсу, ПортугалияИспания3:1ИталияРесей3:2Португалия2010Будапешт/Дебрецен, Мажарстан Испания4:2 ПортугалияЧехия5:3Әзірбайжан2012Загреб/Сплит, ХорватияИспания3:1 (қос. уақыт)РесейИталия3:1Хорватия2014Антверпен, БельгияИталия 3:1РесейИспания8:4Португалия2016Белград, СербияИспания 7:3РесейҚазақстан5:2Сербия2018Любляна, СловенияПортугалия 3:2 (қос. уақыт)ИспанияРесей1:0Қазақстан2022Амстердам/Гронинген, НидерландПортугалия 4:2РесейИспания4:1Украина2026Рига/Каунас/ЛюблянаИспания5:3ПортугалияХорватия 5:5 (6:5 пен.)Франция

Нәтижелері бойынша елдер ОКомандаЖеңімпазФиналистҮшінші орынТөртінші орын1 Испания8 (1996, 2001, 2005, 2007, 2010, 2012, 2016, 2026)2 (1999, 2018)3 (2003, 2014, 2022)2 Италия2 (2003, 2014)1 (2007)3 (1999, 2005, 2012)2 (1996, 2001)3 Ресей1 (1999)6 (1996, 2005, 2012, 2014, 2016, 2022)3 (2001, 2007, 2018)4 Украина2 (2001, 2003)2 (2005, 2022)5 Португалия2 (2018, 2022)2 (2010, 2026)2 (2007, 2014)6 Чехия2 (2010, 2003) 7 Бельгия1 (1996) Қазақстан1 (2016)1 (2018)8 Хорватия1 (2026)1 (2012)9 Нидерланд1 (1999) Әзірбайжан1 (2010) Сербия1 (2016)

Жалпы медальдар саны

182313221363 220441631050202600227001100110011

Тағы қараңыз Футзалдан әлем чемпионаты Футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасы

Сілтемелер Мини-футболдан Еуропа біріншілігі UEFA сайтында

Дереккөздер

Санат:Мини-футболдан Еуропа біріншіліктері Санат:Футзалдан Еуропа чемпионаты Санат:Алфавит бойынша футзал турнирлері