Елубай Жақайұлы Əбілов (1962 жылдың 19 тамызында туған, Красноводск қаласы) – бұрынғы Жаңаөзен қаласының əкімі.

Білімі 1980-1985 жылдар аралығында М.И.Калинин атындағы Түркмен ауылшаруашылығы институтында көк өнім және жүзім шаруашылығы мамандығы бойынша бітірді.

Еңбек жолы 1986-1989 жылдар аралығы Красноводск қаласында облыстық ауылшарушылық қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінде нұсқаушы; 1989-2002 жылдар аралығы Красноводск аудандық атқару комитетінде аға экономист, табиғатты қорғау және экология инспекциясында бастық, денсаулық, білім және әлеуметтік мәселелері бойынша бөлім бастығы, іс басқармасының бастығы; 2002-2003 жылдар аралығы Маңғыстау поселкесі әкімінің орынбасары; 2003-2007 жылдар аралығы Маңғыстау поселкесінің әкімі; 2007-2010 жылдар аралығы Мұнайлы ауданы әкімінің орынбасары; 2010 - 2015 жылдар аралығында Мұнайлы ауданының әкімі; 2015 жылдың шілде айынан 2017 жылдың 21 желтоқсан айы аралығында Жаңаөзен қаласының әкімі. «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының төрағасы.

Сілтемелер Əбіловтың өмірбаяны Жаңаөзен қаласының ресми сайтында

Санат:Түркіменстанда туғандар Санат:Жаңаөзен әкімдері