Озёрное — Қостанай облысы Қостанай ауданындағы ауыл, Озёрный ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы - Тобыл қаласынан солтүстік-батысқа қарай 45 км-дей жерде.
Тарихы Іргесі 1900 жылы қаланған. 1929 жылдан бастап 1997 жылға дейін К. Маркс атындағы астық ұжымшарының орталығы болып келді. Ұжымшар негізінде Озерное ауылында астық және сүт, ет өндірумен айналысатын бірнеше шаруа қожалықтары құрылған. Ауыл арқылы Қостанай – Челябі автомобиль магистралі өтеді.
Халқы 1999 жылы ауыл тұрғындарының саны 2159 адамды (1068 ер адам және 1091 әйел адам) құраса, 2009 жылы 2044 адам (998 ер адам және 1046 әйел адам) болды.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том
Дереккөздер
Санат:Қостанай ауданы елді мекендері