Поляк-швед соғыстары — 1569–1721 жылдар аралығындағы Речь Посполитая және Швеция арасындағы соғыстар сериясы.
Соғыстар тізімі Ливон соғысы (1558–1583) — Швециямен және Мәскеу патшалығымен Балтық маңы жерлері және Балтық теңізіне шығу үшін. Сигизмундқа қарсы соғыс (1598–1599) — Сигизмунд III Ваза және герцог Седерманландтың арасындағы Швеция тағы үшін соғыс. Поляк-швед соғысы (1600-1629) — кейде жалпы еуропалық отыз жылға созылған соғыстың бөлігі ретінде қарастырылады, Польша үшін тиімді емес Альтмарк бітіміне қол қоюымен аяқталды; соғысты бірнеше кезеңге бөледі: 1600–1611 жылдар соғысы 1617–1618 жылдар соғысы 1621–1626 жылдар соғысы 1626–1629 жылдар соғысы Поляк-швед соғысы (1635) — Пруссия жерлері Балтық теңізінің оңтүстік-шығыс жағалауын иемдену үшін әскери қақытығыс. Швед тасқыны — XVII-ші ғасырдың екінші жартысындағы соғыстар, тарихи әдебиетте «Тасқын» деген атауымен көпшілікке белгілі. Солтүстік соғыс (1655—1660) — Польшаның Швециямен бірге Мәскеу патшалығына қарсы одаққа мүше болуға қаламауының артынан орын алды. Солтүстік соғыс (1700–1721) — солтүстік мемлекеттер мен Швецияның арасындағы Балтық маңы жерлері үшін соғыс. Төртінші одақ соғысы (1806–1807) — Наполеон соғыстарының шеңберіндегі қақтығыс, Польша мен Швеция екі бөлек одақта болғанның артынан орын алды. Алтыншы одақ соғысы — Соңғы поляк-швед соғысы. Варшава герцогтігі Наполеонның одақтасы болды, ал Швеция Корольдігі - Наполеонге қарсы одақтың мүшесі. Соғыстан кейін Варшава герцогтігі Ресей империясының құрамына кірді.
Тағы қараңыз Дат-швед соғыстары Ресей-швед соғыстары
* Санат:Польша тарихы Санат:Швеция тарихы Санат:Польша