Өкпекті, Өкпеті — Тарбағатайдың солтүстік сілеміндегі оқшау тау.
Геологиялық орны Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы жерінде, Аягөз және Базар өзендері аралығында орналасқан. Абсолюттік биіктігі 2337 м. Тау батыстан шығысқа қарай 20 – 25 км-ге созылып жатыр. Ені 8 – 10 км.
Жер бедері Өкпекті саздақты құмтастан және конгломераттан түзілген. Оңтүстік беткейі тік, тау етегінен Базар және Аягөз өзендері басталады. Солтүстік беткейі жатық, сай-жыралармен тілімделген.
Өсімдігі Баурайында көде, бетеге, қараған, т.б. өседі.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Тарбағатай ауданы таулары