Клаудия Альта «Леди Бёрд» Тейлор Джонсон (; 22 желтоқсан 1912 – 11 шілде 2007) – Америка Құрама Штаттарының президенті Линдон Джонсонның әйелі және 1963-1969 жылдары аралығында АҚШ-тың Бірінші ханымы.
Өмірбаяны 1912 жылы 22 желтоқсанда Техаста дүниеге келді. Ол Остиндегі Техас университетін бітірді. Өмір бойы ол қалалардың және көлік жолдарының жайлылығы үшін және табиғи ресурстардың сақталуы үшін күресті. Бұл оның Бірінші ханым ретінде атқарған жұмыстары болатын. 1969 жылы Ақ үйден кеткеннен кейін, 1973 жылы оның күйеуі Линдон Джонсон қайтыс болады. Содан кейін Клаудия жеке кәсіпкер болып, LBJ Holdings Company корпорациясын құрады. Осының арқасында ол 150 млн доллардан астам қаражат жинады. Өзінің жетістіктері үшін ол Президенттік бостандық медалін және АҚШ конгрессінің алтын медалін алады. Ол 2007 жылы 11 шілдеде тоқсан төрт жасында Техаста қайтыс болады.
Балалары Оның екі баласы болады: Линда Берд Джонсон Роб Люси Бэйнс Джонсон
Сілтемелер Maintenence - New York Times Lady Bird Johnson Biography