Іздеу жүйесі — мәліметті Интернеттен іздеу мүмкіндігін ұсынатын веб-торап. Іздеу жүйесінің басым бөлігі мағлұматты Әлемдік өрмек сайттарынан іздейді, алайда файлдарды ftp-серверлерден, тауарларды интернет-дүкендерінен, сондай-ақ мәліметті Usenet жаңалықтар тобынан іздей алатын жүйелер де бар. Соңғы уақытта түрлі XML-деректер ішінде RSS технологиясына негізделген іздеудің жаңа түрі пайда болды.

Іздеу жүйесінің функционалдығын қамтамасыз ететін программалар кешені іздеу қозғалтқышы немесе іздеу машинасы деп аталады. Іздеу машинасының жұмыс сапасының негізгі белгісі релеванттық (сұрату мен табылған деректің сәйкестік деңгейі, яғни нәтиженің қисындылығы), базаның толықтығы, тіл морфологиясын есепке алуы болып табылады. Мәлімет индексациясы арнайы іздеу роботтары арқылы жүзеге асырылады. Іздеу жүйесі жұмысын жақсарту — бүгінгі Интернеттің ең негізгі міндеттерінің бірі.

Net Applications компаниясының деректеріне сүйенсек, 2007 ж. желтоқсан айында Google-дың нарықтық үлесі дүние жүзі бойынша 77.04 %, Yahoo — 12.46 %, MSN — 3.33 %, Microsoft Live Search — 2.57 %, AOL — 2.12 %, Ask — 1.38 %, AltaVista — 0.13 %, Excite — 0.07 %, Lycos — 0.02 %, All the Web — 0.02 % пайызды құрайды.

СomScore компаниясының аналитикалық деректері бойынша 2007 жылдың желтоқсан айында барлық іздеу сайттары 66 млрд 221 млн іздеу сұратуларын өңдеген екен. Яндекс осы статистикаға кірген және ол 9-ыншы орында тұр.

Тарихы ХронологияЖылЖүйеОқиға1993Іске қосылдыAliwebІске қосылдыІске қосылды1994Іске қосылдыІске қосылдыLycosІске қосылды1995AltaVistaІске қосылдыDaumНегізі қаланды Web IndexІске қосылдыMagellanІске қосылдыExciteІске қосылдыSAPOІске қосылдыYahoo!Іске қосылды1996Іске қосылдыНегізі қаландыРамблерНегізі қаландыНегізі қаландыAsk JeevesНегізі қаланды1997Іске қосылдыЯндексІске қосылды1998GoogleІске қосылды1999Іске қосылдыНегізі қаландыNaverІске қосылдыTeomaНегізі қаландыНегізі қаланды2000BaiduНегізі қаландыНегізі қаланды2003Іске қосылды2004Yahoo! SearchАқтық іске қосылдыІске қосылдыІске қосылды2005MSN SearchАқтық іске қосылдыAsk.comІске қосылдыНигмаІске қосылдыІске қосылдыНегізі қаланды2006Негізі қаландыQuaeroНегізі қаландыLive SearchІске қосылдыІске қосылды (бета)Іске қосылды (бета)2007wikiseekІске қосылдыІске қосылдыWikia SearchІске қосылдыІске қосылды2008DuckDuckGoІске қосылдыToobyІске қосылдыІске қосылдыІске қосылдыCuilІске қосылдыІске қосылдыІске қосылды (бета)Іске қосылдыVADLOІске қосылдыPowersetІске қосылды2009BingІске қосылдыKAZ.KZІске қосылдыІске қосылды (бета)ЖабылдыІске қосылды2010CuilЖабылдыBlekkoІске қосылды (бета)ViewziЖабылды2012WAZZUBІске қосылды2014СпутникІске қосылды (бета)

Іздеу (және әлеуметтік граф) Іздеу құралдарына жеңіл қосылатын функцияны әлеуметтік граф деп атайды. Вебсайттар, блогтар және т.б. профильдер сияқты белгіленген кезде, іздеу құралдары оларды метаберілгендерді алу мақсатында қарастыра алады. (Мысалы достарға байланысты және т.б.). Іздеу құралдары желіні индексациялау үшін өте жақсы, өйткені, әлеуметтік ақпарат пен адамдарды көлбеу іздеудің қосылуы қиын мақсат болып саналмайды. Іздеу құралдарына әлеуметтік іздеу, адамдарды іздеу мүмкіндіктері міндетті түрде қосылады.

Жаңартулар Достар мәртебесін қадағалау мүмкіндігінің ыңғайлылығы Facebook жетістік себептерінің бірі. Бұл мүмкіндік ашық желіге тасымалдана алады. RSS және iCall стандартты форматтары арқылы кез келген қолданушы жаңартулар мен оқиғалар енгізе алады. Достарының жаңартуларын қадағалап отырғысы келетін әр бір тұтынушы бұл іс әрекетті санау құрылғысы немесе сұрау жасау арқылы жүзеге асыра алады. Бұл стандартты тәжірибе болып қалыптаса бастады. Өйткені, бағдарламалық қамсыздандыруды жасаушылардың жаңа және бұдан да артық осы ақпаратты қадағалап көрсетудің әдістерін құрудың үлкен және көп мүмкіндіктері болады.

Әлеуметтік желілер теориясы туралы

Әлеуметтік желілер қазіргі теориясының пайда болуының қысқа тарихы. Әлеуметтік желілер қазіргі теориясының басын 1954 жылы Рэй Соломонофф пен Анатолий Рапопорт салды. Ал 1959 – 1958 жылы венгер математиктері Пол Эрдос және Альфред Реньи әлеуметтік желілердің пайда болу принциптерін сипаттайтын мақала жазды. Дункан Уоттс және Стивен Строгаг әлеуметтік желі теориясын дамытып, кластеризация коэффициенті түсінігін, көптеген басқа да ұлы ашулардың қатарына енгізді. Мұндағы кластеризация коэффициенті – бірыңғай емес топтар арасында жақындық дәрежесі.

Терминнің пайда болу тарихы.

1959 жылы әлеуметтік желілер термині “Адамдар қарым қатынастары” атты жиынтыққа кірген, Манчестер мектебінің әлеуметтанушысы Джеймс Барнстың “Норвеждік аралдар кірістерінің класстары мен жиынтықтары” атты жұмысында енгізілген. Ол 30-шы жылдары ойлап табылған визуалды диаграммалар (бөлек жақтар - нүкте түрінде, ал олардың арасындағы байланыс - сызықтар түрінде ұсынылды) көмегімен адамдар арасындағы өзара байланысу социаграммалар көмегімен жүзеге асыру зерттеулеріне қосымшалар енгізіп оларды толықтырды.

Іздеу жүйелері нарығы Google — нарық үлесі 68,69 % әлемдегі ең сұранысқа ие іздеу жүйесі. Bing екінші орынға ие, оның үлесі 12,26 %.

Әлемдегі ең көп сұранысқа ие іздеу жүйелері :

Іздеу жүйесі 2014, шілде айындағы нарық үлесі 2014, қазан айындағы нарық үлесі2015, қыркүйек айындағы нарық үлесі Google 68,69 % 58.01 %69.24% Baidu 17,17 % 29.06 % 6,48% Bing 6.22 % 8.01 %12,26% Yahoo! 6.74 % 4.01 %9,19% AOL 0,13 % 0.21 %1,11% Excite 0.22 % 0,00 %0.00% Ask 0,13 % 0,10 %0,24%

Азия Шығыс Азия елдерінде және Ресейде Google - ең танымал іздеу жүйесі емес. Қытайда, мысалы, ең көп танымал болып табылады.

Оңтүстік Кореяда, патенттелген Naver іздеу порталын халықтың шамамен 70%-ы пайдаланады Yahoo! Japan және Yahoo! Taiwan — тиісінше Жапония мен Тайваньдағы ең танымал іздеу жүйесі, .

Ресей және орыс тілді іздеу жүйелері Яндекспен Ресейде пайдаланушылардың 50,9% қолданады (Google — 40,6 %).

2015 жылдың маусымындағы Liveinternet деректері бойынша орыс тілінде іздеу сұрауларының Liveinternet: Барлық тілде: Google (40,6 %) Bing (0,7 %) Yahoo! (0,2 %) және компанияғы тиесілі іздеу жүйелері: , AltaVista, Ағылшын тілінде және халықаралық: (механизм Teoma) орыс тілінде — көптеген «орыстілді» іздеу жүйелері бірнеше тілде индекстейді және мәтінді - украин, беларусь, ағылшын, татар және басқа тілдерде іздейді. «Барлықтілді» жүйелерден айырмашылығы барлық құжаттарды қатарынан индекстейді, олар негізінен орыс тілі басым, немесе басқа да жолдармен орыс тілмен роботтарын шектейтін, домен аймақтарда орналасқан ресурстарды индекстейді.

Яндекс (50,9 %) Mail.ru (6,9 %) Рамблер (0,5 %)

Кейбір іздеу жүйелері сыртқы іздеу алгоритмдерін пайдаланады.

Сыртқы сілтемелер FL Master - Қазақстанның іздеу жүйесі

Санат:Интернет Санат:Ақпараттық технологиялар