BlackPink (хангыль: 블랙핑크) — 2016 жылы YG Entertainment компаниясы құрған, 4 қыздан тұратын оңтүстік кореялық топ. Бұл топ YG Entertainment 2NE1 тобынан кейін 7 жыл өте келе құрылған бірінші топ. Яғни, компаниядағы екінші қыздар тобы. Топ Jisoo, Jennie, Rosé, Lisa деген 4 қыздан құралған.

Тарихы

210 × 240px|нобай|солға|BLACKPINK 2016 жылғы Melon Music Awards қатысуда Алғашында Ян Хён Сок жаңа қыздардан құралған топ ашатынын 2011 жылы хабарлаған. Осыдан кейін күзде ол топтың бір мүшесі Ынбидің фотосын көрсеткен.

2012 жылы топ Pink Punk атауымен 7 адам болып дебют жасауы тиіс болған. Сол кезде бізге Ынбидің, Юнаның, Дженнидің, Джисудің және Лисаның тизерлері көрсетілген болатын. 2012 жылы фанаттар YG-ға қосылған жаңа қыз — Розэні байқай бастады. 2013 жылы бізге Юнаның YG-ден кеткені белгілі болды.

Дәл сол жылдары Jennie және Rosé YG әртістерінің өлеңдерін жазуға өз үлестерін қосты. Жылдың соңында компания басшысы қыздардың дебют алатынын уақытша тоқтатып, ұлдар тобына көңіл бөлуге көшті.

2014 жылы топтан арқа ауруларына байланысты Ынби шықты. Оның орнына KPOP STAR-3-дың қатысушысы Ли Ханна тағылымдамадан өтуші ретінде келді.

2015 жылы Миен жеке себептерімен топтан шығып кетті. Ханнаны топтың орнына жеке мансап күтті.

2016 жылы YG топтың «Blackpink» атауымен дебют алатыны туралы хабарлады. Топ құрамында 4 қыз болды.

Дебюты 2016 жылдың 8 тамызында топ «Square one» деп аталатын цифрлік сингл шығарды. Синглдің ішінде «Boombayah» және «Whistle» өлеңдері болды. . Дәл сол күні қыздардың дебюттік шоукейсі болды. . Онда Ян Хён Сок топтың басшысы болмайтынын, қыздардың өзара тең екенін жариялады.

Құрамы Jisoo Kim Ji-soo (хангыль: 김지수) 1995 жылдың 3 қаңтарында Оңтүстік Кореяда, Сеулда дүниеге келген. Ол YG-ге он алты жасында келді. Дебютқа дейін Самсонайт рэд секілді жарнамалық агенттіктерде Ли Мин Хомен бірге түскен . Онымен қоса ол Epic High-дың және Хай Сухённің музыкалық видеосынада түскен болатын. 2015 жылы ол KBS арнасының "Продюссерлер" дорамасына қонақ ретінде түсіп, өзін осы сатыда сынап көрді. Jennie Kim Jennie (хангыль: 김제니) 1996 жылдың 16 қаңтарында Оңтүстік Кореяда, Сеулда дүниеге келген. Бірақ, кейіннен Жаңа Зеландияға көшкен болатын. Кейіннен он төрт жасында ол жерден оралып, YG-ге қосылады. Ол дебют алмай тұрып G-Dragon-ның бейнебаянына түскен болатын.

Rosé Roseanne Park (хангыль: 박채영) (корейше есімі Пак Чеён) 1997 жылдың 11 ақпанында Жаңа Зеландияда дүниеге келіп, Аустралиядағы Мельбурн қаласында өсті. 2012 жылы Аустралияда өткен YG-ге тыңдалымда бірінші орын алып, онда стажер болады. Онымен қоса ол G-Dragon-мен жұмыс істеп, оның "Without You" өлеңінің шығуына көмектеседі.

Lisa Lalisa Manoban (Пранприя Манобан) (таиландша ปราณปริยา ลลิสา มโนบาล) 1997 жылдың 27 наурызында Бангкокта, Таиландта дүниеге келген. YG Audition жылы өткен тыңдалымда бірінші орын алып компанияға 14 жасында келеді. Лиса ең басында YG бишісі болып барған бірақ, YG жұмыскерлері оның рэпке деген өнерін көріп оны трейни еткен. 2014 жылы модель болады. Лиса топтағы басты биші болып саналады.

Дискографиясы

Студиялық альбомдары Атауы Альбом туралы ақпаратThe Album Шыққан жылы: 2 қазан, 2020 Лейбл: YG Entertainment Формат: Цифрлік дистрибуцияBorn Pink Шыққан жылы: 16 қыркүйек, 2022 Лейбл: YG Entertainment Формат: Цифрлік дистрибуция

Сингл-альбомдары Атауы Альбом туралы ақпаратSquare One Шыққан жылы: 8 тамыз, 2016 Лейбл: YG Entertainment Формат: Цифрлік дистрибуцияSquare Two Шыққан жылы: 1 қараша, 2016 Лейбл: YG Entertainment Формат: Цифрлік дистрибуцияHow You Like That Шыққан жылы: 17 шілде, 2020 Лейбл: YG Entertainment Формат: Цифрлік дистрибуция Синглдары + Атауы Жылы Чарттағы позициясы Сатылғаны АльбомKOR US World «Boombayah» ()2016 7 1 KOR: 88,215 US: 6000Square One «Whistle» () 1 2 KOR: 150,747 US: 6000«PLAYING WITH FIRE» (불장난) 3 1KOR: 104,066 US: 5,000Square Two«STAY» 10 4KOR: 61,582«As If It's Your Last» (마지막처럼) 2017 3 1KOR: 150,000+ US: 6,000 Альбомсыз сингл«Ddu-Du Ddu-Du» (뚜두뚜두) 2018 1 1KOR: 220,000+ US: 7,000 Square Up«Kill This Love» 2019 2 1KOR: 312,000+ US: 5,000+Kill This Love«How You Like That»2020 1 1KOR: 450,000+ US: 10,000+The Album«Ice Cream» 8 -KOR: 110,000+ US: 10,000+«Lovesick Girls» 2 1KOR: 300,000+ US: 6,500+

Дереккөздер

Санат:Оңтүстік Корея музыкалық топтары Санат:2016 жылы құрылған музыкалық ұжымдар