Монте-Роза (, ) — Швейцарияның Вале кантонында және италияндық Пьемонт және Аоста Аңғары провинцияларында орналасқан тау сілемі. Ол Пеннин Алпілерінің бөлігі болып табылады және Маттерхорн орналасқан тау тізбегінде шоғырланған.
Массивтің биік шыңы — Дюфур шыңы (, ) 4634 м көтерілген және де Швейцарияның ең биік нүктесі болып табылады.
Монте-Розаның солтүстік баурайларының фирн далаларынан Пеннин Алпілерінің ірі мұздығы — Горнер (ұзындығы 14,1 км, ауданы 68,9 км²) өз бастауын алады. Горнер мұздығының басты бастауы — Монте-Роза. Монте-Розаның шыңдарының біреуінде ХХ ғасырдың дәстүршіл-ойшылы Юлиус Эвола жерленген.
Шыңдары Дюфур шыңы (), 4634 м; Дюнан шыңы (), 4632 м; , 4618 м; Норденд (), 4609 м; Цумштайншпитце (), 4563 м; Зигналькуппе (), 4554 м (мұнда Еуропадағы ең биік Regina Margherita тау панасы орналасқан, сонымен қатар тау ауруларын зерттейтін орталық пен метеорологиялық станция да бар); , 4453 м; Парротшпитце , 4432 м; Людвигсхёэ , 4341 м; Шварцхорн , 4322 м; , 4215 м; , 4167 м; , 4046 м.
Сілтемелер Монте-Розаның италияндық жағынан суреттері Монте-Роза Summitpost.org
Санат:Алфавит бойынша тау сілемдері Санат:Италия таулары Санат:Швейцария таулары