Заха Мохаммад Хадид ( ; ; 31 қазан 1950, Бағдат, Ирак — 31 наурыз 2016, Майами, АҚШ) — шығу тегі ирактық британ сәулетшісі және дизайнері. Деконструктивизм қозғалысының тұлғасы.

2004 жылы Притцкер сыйлығына ие болған алғашқы әйел-сәулетші. Сонымен қатар, 2010 және 2011 жылдары Стирлинг сыйлығының иегері - Ұлыбританиядағы ең беделді сәулет сыйлығы. Британ империясы орденінің Ханым-Командоры (2012).

Өмірбаяны thumb|275px|Maggie's Centres, Керколди (Шотландия) thumb|275px|Шаңғымен секіруге арналған тұғыр, Инсбрук (Австрия) Заха Хадид жоғарғы таптағы сүниттік отбасында 1950 жылдың 31 қазан күні Ирактың астанасы Бағдатта дүниеге келді. Оның әкесі, Мухаммад аль-Хадж Хусайн Хадид, Мосул қаласында бай өнеркәсіп иесі болған. Ол 1930 және 1940 жылдары аралығында елеулі саяси қауымдастық болып табылатын аль-Ахали сол жақ либерал тобының негізін қалаушысы. Сонымен қатар, ол Ирактағы ұлттық-демокртаиялық партияның негізін салушыларының бірі. Анасы, Ваджиха аль-Сабунчи Мосул қаласында дүниеге келген суретші. 1960-шы жылдары, әкесі Заханы және оның екі ағасын Еуропаға жібереді, олар Англия мен Швецарияда орналасқан миктеп-интернатына жиі баратын.

Кейін, 1972 жылы Заха Хадид, Сәулет мектебінің сәулет қауымдастығына түсер алдында, Ливанға көшіп, Бейруттың Америкалық университетінде математиканы оқыған. Сонда ол Рем Колхаспен, Элиа Зенгелиспен және Бернар Чумимен танысады. 1977 жылы университетті бітіргеннен соң, ол өзінің бұрынғы мұғалімдермен бірге (Зенгелис және Колхас) Роттердамдағы (Нидерландылар) Қалалық сәулет басқармасында (Office for Metropolitan Architecture (OMA)) жұмыс істеген. Колхаспен жақын қарым-қатынасы арқасында, ол инженер Питер Райсты кездестіреді. Питер оған қыин кездерде қолдау көрсетіп, шабыттандыратын.

2016 жылдың 31 қараша күні Майами қаласында бронхиттен емделу кезінде жүрек ұстамасынан қайтыс болды.

Мансабы 1980 жылы Хадид Лондонда өзінің жеке сәулет агентігінің негізін қалады. Оның халықаралық беделі 1988 жылы Нью-Йорк қаласындағы заманауи өнер мұражайында Филип Джонсон және Марк Вигли жетекшілік еткен "Сәулеттегі деконструктивизм" жаңашылдық көрмесінде әсерлі сәулет суреттерін қойғаннан кейін едәуір жоғары көтерілді.

Оқытушы қызметі 1980-ші жалдарының ортасында, Хадид Гарвард университетіндегі жоғарғы дизайн мектебінің Кензо Танге меңгерген кафедрасында білім берген. 1990-шы жылдары, Иллинойс университетіндегі Чикаго сәулет мектебінің профессоры болған. Әртүрлі уақтта, ол Гамбургтегі Бейнелеу өнері университетінде (Hochschule für bildende Künste Hamburg (HFBK Hamburg)), Огайо Ұлттық университетіндегі Ноултон сәулет мектебінде, Колумбия университетіндегі Шеберлер студиясына және Йель сәулет университетіндегі Сәулет дизайннің арнайы профессоры ретінде шақырылған еді.

Хадид Америкалық өнер және әдебиет академиясының және Америкалық сәулетшілер институтының құрметті мүшесі. Ол сәулет қорындағы қамқоршылар кеңесінің мүшесі болған.

2006 жылы Нью-Йорктегі Гуггенхайм мұражайында Заха Хадид жұмыстарының ретроспективасы өтті. Бұл құрметке тек қана екі сәулетші ие болды - Заха Хадид және Фрэнк Гери. Сонымен қатар, сол жылы ол Бейруттегі Америкалық университетінің құрметті атағына ие болды. 2008 жылы Хадид Forbes журналының нұсқасы бойынша әлемдегі ең ықпалды әйелдер арасында 69-шы орынға ие болды.

Құрылыстар thumb|275px|«Витра» өрт сөндіру бөлімі, Рейндегі Вайль (Германия) 2012 : Гейдар Әлиев орталығы, Баку, Әзірбайжан 2010—2014 : Рабаттағы театрдың жобасы, Марокко. 2011 : CMA CGM Tower, Марсель, Франция 2011 : Су спорты түрлері орталығы, Лондон, Англия 2010 : XXI-ші ғасыр өнері Ұлттық мұражайы, Рим, Италия 2007 : Фуникулер бекеті, Австрия 2006 : «Пуэрта Америка» қонақ үйі, Мадрид, Испания 2005 : BMW зауытының орталық ғимараты, Лейпциг, Германия 2005 : «Фэно» ғылыми орталығы, Вольфсбург, Германия 2005 : Арқан жолы бекеттері, Инсбрук, Австрия 2005 : Ордрупгаард өнер мұражайы: жаңа қанаты, Копенгаген, Дания 2002 : Трамплин Bergisel, Инсбрук, Австрия 2001 : Hoenheim-North вокзалы және автотұрақ, Страсбург, Франция 1998 : Цинциннатидегі Розенталь замануи өнер орталығы, Огайо, АҚШ 1994 : «Витра» дизайнерлік жиһазы өндіруші компаниясының өрт сөндіру бөлімі, Рейндегі Вайль, Германия

Басқа жұмыстары 2007 : Imm Cologne 2007-де көрсетілген мінсіз үйдің жобасы, Кёльн, Германия 2000 : Дивандар және үстел, Z-series, 1999 : Мыңжылдық күмбезінің астындағы Парасат аймағы, Лондон, Ұлыбритания 1992 : Гуггенхайм мұражайындағы «Ұлы утопия» көрмесінің безендіруі, Нью-Йорк, АҚШ 1990 : «Моондзун» мейрамханасының интерьері, Саппоро, Жапония Sawaya and Moroni фирмасына арналған жиһаз және күміс ыдыстар дизайні

Жобалар thumb|275px|Тондэмун сауда орталығы - дизайин және ойын-сауық ордасы, Сеул (Оңтүстік Корея) 2006 : Севилья Университетінің кітапханасы, Севилья, Испания 2006 : Шиыршық мұнарасы, Барселона, Испания 2006 : Картал — Стамбұлдағы іскерлік ауданының құрылысы, Түркия 2006 : Иссам Фарес атындағы саясат және халықаралық қатынастар институты, Бейрут, Ливан 2005 : Сәулет қорының ғимараты, Лондон, Ұлыбритания 2005 : Мост-павильон, Сарагоса, Испания 2005 : Элефтерия алаңы. Қайта құрылыс, Никосия, Кипр Республикасы 2005 : Су спорты түрлері орталығы, Лондон, Ұлыбритания 2005 : Опера театры, Гуанчжоу, Қытай 2004 : Клуб с концертным залом, Базель, Швейцария 2007—2011 : Тондэмун сауда орталығы және іргелес аумақ, Сеул, Оңтүстік Корея 2009—2012 : СОСО Galaxy Soho, Бейжің, ҚытайЗаху Хадид обвинили в «разрушении» старого Пекина. // Lenta.ru 2009—2013 : Вена экономикалық университетінің қалашығы, Вена, Австрия

Дереккөздер

Санат:Ирак сәулетшілері Санат:31 қазанда туғандар Санат:31 наурызда қайтыс болғандар