Стеллит – кобальт пен хром негізіндегі құрамында вольфрам немесе молибден қосындысы бар аса қатты қорытпа. 1907 жылы Элвуд Хейнс ойлап тапқан. Кескіш құралдар дайындауда олардың тозуға төзімділігін арттыру мақсатында көліктердің, білдектердің және құрылғылардың тетіктерін қыздырып, балқыма қаптауда пайдаланылады. Бұған қоса дайын тетіктің аса тозғыш бөліктерін қорғау үшін дәнекерлеу құрылымының бөлшегі ретінде де қолданылады. Әсіресе, жемірілуге қарсы анағұрлым төзімділікке, беріктік пен қаттылыққа ие.
Kaynak ve lisans
Kaynak: Wikipedia — Стеллит · katkı geçmişi.
Metin: CC BY-SA 4.0.
Metin düzenlemesi hakkında
Viki işaretlemesi ve şablonlar çıkarıldı; uzun metinler kısaltıldı.