Баянды (2021 ж. дейін – Жеңіске 40 жыл)Түркістан облысының Жетісай және Келес аудандарындағы елді мекендерді қайта атау туралы — Түркістан облысы Жетісай ауданы, Атамекен ауылдық округі құрамындағы ауыл.

Географиялық орны және тарихы Аудан орталығы – Жетісай қаласынан батысқа қарай 21 км-дей жерде. Округтің орталығымен бірге орналасқан, ауылдың солтүcтік жағы осы "Жеңіске 40 жыл" ауылына қарайды, оңтүстік жағы орталыққа тиесілі. Кезінде "Өзбекстанның 40 жылдығы" кеңшарының төртінші бөлімшесі атанған. 1992 жылдан бері қазіргі атымен аталады.

Ауылдың іргесі шамамен 60-жылдары (кей мәліметтерде — 1958 жылы) қаланған. Ол кезде бұл өңір көрші Мақталы ауылына қарасты аумақ болған. Кейін "Өзбекстанның 40 жылдығы" кеңшары құрылып, соның құрамына өткен.

Басқа да мәліметтер Ауыз сумен, газбен, ағын сумен қамтамасыз етілген. Округтік амбулатория осы ауылда орналасқан. Кезінде мал фермасы да болған, кейін талан-талажға ұжырап, қазір орны ғана қалған.

Кеңес дәуірінде ауылдың шығыс жағымен жүк темір жолы өткен.

Шаруашылыққа пайдаланатын ағын су "Достық" каналының тармақтары арқылы келеді.

Тұрғындары мақта, жоңышқа, қырыққабат, жүгері, қарбыз, қауын, қызанақ, қияр, картоп, пияз егумен айналысады.

Ауылдың аумағында 2023 жылға дейін ешқандай мектеп болған жоқ. Мектеп жасындағы балалар орталықтағы "Жібек жолы" жалпы білім беру орта мектебіне барып оқыды.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен13101610 2014 125,1 807 1072 132,8 803 942 117,3

Ұлттық құрамы толығымен қазақтар. Тұрғындар саны Өзбекстаннан көшіп келген оралмандармен толыққан.

Дереккөздер

Санат:Жетісай ауданы елді мекендері