Бекентай Мүсәпіров (1910, қазіргі Қарағанды облысы Қу болысы (қазіргі Қарқаралы ауданы) – 26.7.1961, Қызылорда қаласы) – мемлекет және қоғам қайраткері.
Өмірбаяны Мәскеудегі Жоғары партия мектебін бітірген (1951). Еңбек жолын Павлодар облысындағы Учлеспромхозда және тақтай кесетін зауытта жұмысшы болып бастаған. 1930–34 жылдары жұмысшылар факультетінде оқыған. 1935 – 36 жылдары Алматыда Халық шаруашылығының санағының аудандық нұсқаушыларын даярлайтын курста оқыды. 1936 – 42 жылдары Семей облыстық Белағаш ауданы Халық шаруашылығы санағы мекемесінің нұсқаушысы Қызылорда облыстық халық шаруашылығы санағының бастығы болып істеді. 1942 – 46, 1947 – 48, 1951 – 54 жылдары еңбекшілер депутаттарының Қызылорда облысы Кеңесі атқару комитеті төрағасының орынбасары 1946 – 47 жылдары Жалағаш ауданы атқару комитетінің төрағасы 1954 – 60 жылдары Арал, 1960 – 61 жылдары Қазалы ауданы партия комитеттерінің 1-хатшысы қызметтерін атқарды. Марапаттары «Құрмет белгісі» орденімен марапатталған. "Сыр елі энциклопедиясы"
Дереккөздер
Санат:1910 жылы туғандар Санат:Қарқаралы ауданында туғандар Санат:26 шілдеде қайтыс болғандар Санат:1961 жылы қайтыс болғандар Санат:Қызылордада қайтыс болғандар Санат:Жалағаш аудандық атқару комитетінің төрағалары Санат:Арал аудандық партия комитетінің бірінші хатшылары Санат:Қазалы аудандық партия комитетінің бірінші хатшылары Санат:Құрмет Белгісі орденінің иегерлері