Қоғалы — Түркістан облысы Жетісай ауданы, Атамекен ауылдық округі құрамындағы ауыл.
Географиялық орны Ауданның қиыр батысында, аудан орталығы – Жетісай қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 31 км-дей жерде, Өзбекстанның шекарасына жақын, Өзбекстандағы Айдаркөл көлінің шығысында 32 км-дей жерде. Достық каналының ең соңғы тармақтары Қоғалыда аяқталады.
Тарихы 1997 жылға дейін "Қоғалы қаракөл қой кеңшары" ретінде аудан көлеміне жақсы таныс болған. 1997 жылы Атамекен ауыл әкімшілігінің құрамына енді.
Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен9901247 1086 87,1 668 585 87,6 579 501 86,5
Шаруашылығы Тұрғындары балық аулаумен, мақта егумен айналысады.
Дереккөздер
Санат:Жетісай ауданы елді мекендері