Сманов Абсаттар Шәкірұлы — (1966 жылы 5 қазанда Шымкент облысы Сарыағаш ауданы, Ленин совхозында (қазіргі Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы Жартытөбе ауылдық округі Ынтымақ елді-мекенінде - 28 қараша 2016) дүниеге келген.

Отбасы туралы Қожа руының Сейіт бөлімінен шыққан. Әкелерінен 8 ағайынды 3 әпкесі 1 қарындасы, үлкен ағасы Абдішүкір қайтыс болған, одан кейінгі ағасы Абдужаппар, інісі Абдуғаппар. Бала шағалары; 5 ұл 1 қызы бар, барлығын білімді әрі діндар етіп тәрбиеледі, ұл-қыздарына Алла Тағаланың ұлы кітабы Құран кәрімді жаттатып, асыл дінімізді үйретіп кетті

Мәртебесі 1973 жылы М.И.Калинин атындағы орта мектепке барып 1983 жылы бітірді.

1984—1986 жылдары әскери борышын өтеді.

1987 жылы еркін күрестен спорт шебері кандидаттығын орындады.

1987—1989 жылдары аралығында Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы Сарыағаш балалар және жасөспірімдер спорт мектебінде қазақша күрестен жаттықтырушы болып қызмет етті.

1989—1993 жылдар аралығында Өзбекстан Республикасы Ташкент қаласындағы Имам әл-Бұхари атындағы Жоғары Ислам институтын үздік дипломмен тәмәмдады.

1995 жылдан 2010 жылдар аралығында «Таяқты Ешан» мешіті жанындағы « Убай ибн Кааб» медресесін басқарды.

2002—2004 жылдары Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің магистратурасын үздік бітірді.

2009 жылдан бері ҚМДБ жанындағы ғұламалар кеңесінің мүшесі.

2008—2010 жылдар арасында Құран Кәрімді толық қазақ тіліне аудармасын жазып шықты.

2010 жыл сәуір айының 29 жұлдызында ҚМДБ ның төрағасы, бас мүфти Әбсаттар қажы Дербісәлі хазреттің № 221- бұйрығымен — Сарыағаш медресесінің директоры — етіп тағайындалды.

2011 жыл 17 мамыр «Руханият»Халықаралық мұсылман университетінің Ғылыми кеңесі — теология профессоры — академиялық атағы берілді.

2015 жылы Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә. Назарбаев, Сманов Абсаттар Шәкірұлын Қазақстан Республикасының ел бірлігін нығайту, бейбітшілік пен келісімді сақтау және рухани мәдениетті дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық «Бірлік» алтын медальімен марапаттады.

2015 жылы Туркия Республикасының Стамбул қаласындағы FATIH SULTAN MEHMET VAKIF университіндегі өткен конференцияда баяндама жасады.

2016 жылы «Сарыағаш медресе колледжінің» директоры болып тағайындалды.

Дереккөздер

Санат:1966 жылы туғандар Санат:5 қазанда туғандар Санат:2016 жылы қайтыс болғандар Санат:Сарыағаш ауданында туғандар