1830 жылы Қызылорда облысы, Шиелі ауданы,Қорғалы елді мекенінде дүниеге келген.Ислам дінінің білгірі тұяқты қыпшақ соқпан Қоспанбет ахунның ұлы. Жастайынан дарынды, зерек болып өскен Нұртаза баба қасиетті Түркістанның жанындағы Орта Азияға белгілі "Қарнақ" медресесінде білім алған, Кейін Бұқара медреселерінде білімін шыңдап," Ахун" дәрежеіне ие болады.Нұртаза ахун заманында "Мұрабтық" қызметімен ел құрметіне бөленіп, Сыр диқандарының "Ұлы ұстазы" атанған жан. Сыр бойы халқының әлеіметтік жағдайын көтеруге бағытталған егін егу, суландыру жүйелерін жүргізу жұмыстарына жетекшілік жасайды. Шиелі өңірін суландыруда Сырдария өзенінің Төменарық тұсынан бастау алып, Шиелі-Бәйгеқұм-Жөлекке дейін созылатын "Шиелі өзегі",Қаратау етегіне қарай созылған "Арғын" су жүйелері елдің сарқылмас қазынасына айналуы мұраб Нұртаза бабаының есімімен тікелей байланысты. 1880 жылдары Сыр бойының сол жағасындағы ежелден егіншілік ордасы болған Асанас, Қожанқожа, Қызылтам өңіріне біраз елді қоныстандырып, ол жерге Ақарық- Асанас су жүйесін жүргізеді.Ақарықтан су алатын Қызылтам,Тас,Тораңғылды,Доңғал, Соқпан, Досан,Көзей,Қонақбай,Құмтоған,Әутек,Аунамас,Мәслихат арықтарын қаздырып, Шақа,Тіней,Мортық,Қарақұс - Келіс су қоймаларын- көлдерін жасаған.Осы кезеңдерде егіндік алқаптарын суландыру үшін шығырлар кеңінен қолданыла бастады. Мұраб Нұртаза баба Сыр өзенінің сол жағалауынан сағасын түсірген Тартоғай- Ботабай өңіріндегі Ботабай арығы мен Қожанқожа -Жетікөл су жүйелері қазіргі кезде жаңадан инженерлік жүйеге келтіріліп, Айдарлы,Ботабай,Жеткөл,Амангелді елді мекендерінің игилігіне айналды. 1901-1907 жылдары жүргізілген Орынбор- Ташкент теміржол құрылысындағы орыс инженерлері Сыр өзенінің асау табиғатын терең білетін Нұртаза Мұрабтың ақыл- кеңесімен Ақмешіт -Жаңақорған аралындағы өзенніңұрма иіндерін анықтап, су тасқыны өтетін көпірлер салған. 1896 жылы Ресей патшалығы тарапынан Нұртаза бабаға үлкен құрмет көрсетіп,Ресей патшасы Николай ІІ-нің аты жазылған "Мирабь" деген медальмен марапатталған. Қызылорда облысы су шаруашылығы қызметкерлері,еңбек ардагерлерінің ,Қызылорда қаласы мен Шиелі ауданы әкімдігі мен мәслихат депутаттарының қолдауымен Қызылорда қаласы мен Шиелі депутаттарының қолдауымен Қызылорда қаласы мен Шиелі ауданында көше аттары және Шиелі каналы Сыр Мұрабы Нұртаза бабаның атымен аталады.

дереккөз: "Қыпшақ Қайраткерлері" кітабінен.