Иіркөл — Қызылорда облысы Қармақшы ауданындағы ауыл, Иіркөл ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы - Жосалы кентінен оңтүстікке қарай 17 км-дей жерде.

Тарихы Іргесі 1950 жылы «Молотов» атындағы мал және егін шаруашылығымен айналысатын ұжымшар болып құрылған. 1988 жылға дейін Байқоңыр полигонына бағынышты «Октябрь» әскери кеңшары болып келді. Ауыл 1973-96 жылдары қой өсіруге маманданған өзімен аттас кеңшардың орталығы боған. «Қызылорда облысының жер-су атаулары», Қызылорда, 2013

Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 1172 адам (623 ер адам және 549 әйел адам) болса, 2009 жылы 912 адамды (472 ер адам және 440 әйел адам) құрады. 2009 жылғы Қазақстан Республикасы халық санағы

Дереккөздер

Санат:Қармақшы ауданы елді мекендері