Майлытоғай — Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы ауыл, темір жол бекеті, Майлытоғай ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы – Шиелі ауылынан солтүстік-батысқа қарай 58 км-дей жерде, Орынбор–Ташкент темір жолы бойында орналасқан.
Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 1083 адам (569 ер адам және 514 әйел адам) болса, 2009 жылы 756 адамды (388 ер адам және 368 әйел адам) болды. 2009 жылғы Қазақстан Республикасы халық санағы
Тарихы Ауыл 1962-96 жылдары қаракөл қойын өсіретін «Первомайский» кеңшары бөлімшесінің орталығы болған.«Қызылорда облысының жер-су атаулары», Қызылорда, 2013.
Дереккөздер
Санат:Шиелі ауданы елді мекендері Санат:Қазақстан темір жол бекеттері