Альфред Рассел Уоллес (; 8 қаңтар 1823 жыл, Аск, Монмутшир, Уэльс – 7 қараша 1913 жыл, Бродстон, Дорсет, Англия) — британдық табиғаттанушы, зерттеуші, географ, этнограф және биолог.

Жастық шағы мен білімі 1823 жылы 8 қаңтарда Уэльстің Ленбадок ауылында дүниеге келген (Лланбадок) Монмутширдегі Аск қаласының маңында, Томас Уоллес пен Мэри Энн Гриннеллдің тоғыз баласының жетіншісі. 1828 жылы отбасы Альфред мектепте оқыған Хертфордқа көшті.|title=Alfred Russel Wallace | Biography, Evolution, & Facts |publisher=Encyclopedia Britannica 14 жасында қаржылық қиындықтарға байланысты ол мектепті тастап кетуге мәжбүр болды және үлкен ағасы Джонмен бірге Лондонға кетті. Лондонда ол Лондон механика институтында дәрістер тыңдайды. 1837 жылы ол Лондоннан кетіп, басқа ағасы Уильямның шәкірті, сәулетші болып жұмыс істей бастады. Содан кейін ол жер қазушы, теміржол құрылысында мердігер, мектепте мұғалім болып жұмыс істеді.

Уоллестің сызығы 1850 жылы Уоллес, Генри Бейтспен бірге, Амазон өзенінің бассейні мен Малай архипелагын зерттеген. Осы зерттеулер бойынша нәтижелерге сенсек, үлкен жаратылыстану қоры жиналып, Аустралияның фаунасын Азиялықтан ажырататын «Уоллес сызығы» атап өтілді. Уоллес, Индонезияның екі үлкен заманауи, бір-біріне жақын орналасқан аралдар: Бали мен Ломбок, зоогеографиялық қарама-қарсылығының ерекше айырмашылығына назар аударды. Бұл аралдар бұғазы арқылы бөлінген болса да, олардың ені ең тар нүктесінде кемінде 24 км, Англия мен Жапониядағы жануарларға қарағанда, олардың фауна әлемінде айырмашылық көбірек. Осыған ұқсас бөлу желісі болуын және орналасқан жерін 1857 жылы көрсеткен бірінші зерттеуші - орнитолог Филип Латли Склейтер болсада, қазіргі уақытта бұл зоогеографиялық сызық (Аустрия және Үнді-Малай фауна арасындағы) «Уоллес сызығы» болып аталады. Уоллес өзінің еңбегін «Жануарлардың географиялық тарату» атты, 1876 жылы жазылған көп томды жұмысымен қорытындылады. Кейінірек, Уоллес бүкіл жер жүзін алты алты аймаққа (зоогеографиялық аймақтарға) бөлуді ұсынды. Олар: палеарктикалық, неарктикалық, эфиоптық, Шығыс (Үнді-Малай), Австралиялық және Неотропикалық. Бұл жағдаятқа қарап, Уоллесті зоогеографияның негізін қалаушы деп санауға болады.

Нағыз іріктеу Малаккада малярияға шалдыққан Уоллес аурухана төсегінде жатып, неғұрлым қабілеттілердің тірі қалатынын сипаттайтын мальтузиан идеясын табиғат әлеміне қатысты қолдану мүмкіндігі жайлы ойлана бастады.

Малай архипелагындағы экспедициясының алғашқы жылдарында Уоллес биологиялық түрлердің географиялық және хронологиялық тұрғыдан қалай байланысатынын көрсететін екі мақала жариялады. Ол жаңа түрлер тіршілік үшін күресте өздерінен бұрын болған ескі түрлерді ығыстырады деген қорытынды жасады. 1858 жылдың басында ол өз бақылаулары мен тұжырымдарын қорытындылаған материалдарын Англиядағы Чарльз Дарвинге жіберді. Дарвин Уоллестің қорытындыларының өзінің бұған дейін жасаған тұжырымдарымен қаншалықты сәйкес келетінін көріп, қатты таңғалды. Сол жылдың кейінгі кезеңінде геолог Чарльз Лайель мен ботаник Дж. Д. Гукердің қолдауымен Уоллестің зерттеу нәтижелері ғылыми басымдыққа қатысты дауларды болдырмау үшін Лондонның Линней қоғамында Дарвиннің еңбектерінің нәтижелерімен қатар ұсынылды.

Уоллес табиғи сұрыпталу туралы өз түсінігін Дарвин сияқты жан-жақты әрі жүйелі түрде дамытуды қажет деп санаған жоқ. Алайда дәл ол ламаркизмге өткір сын айтып, ғылымға «дарвинизм» терминін енгізді.

«Contributions to the Theory of Natural Selection» (2-басылым, 1872) атты еңбегінде Уоллес бірқатар мәселелер бойынша Дарвиннен едәуір алшақтады. Әсіресе, адамтәрізді маймылдардың адамның арғы тегі болуына жоғары күштің араласуынсыз көшуі мүмкін деген көзқараспен келіспеді.

Басқа қызығушылықтары Жастық шағында әкесін және отбасын материалдық жағынан қолдау үшін Уоллес әртүрлі жұмыстар істеді. Ол жер өлшеуші болып еңбек етті, мектепте сабақ берді, сағат жөндеумен айналысты және теміржол құрылысына мердігерлік жұмыстар атқарды.

1865 жылға қарай Уоллестің қызығушылығы биология ғылымы түсіндіре алмайтын өзге құбылыстарға — френология мен месмеризмге толықтай ауысты. Уоллестің ғылыми беделі Лондон қоғамында үстелдің өздігінен қозғалуын (столоверчение) тәжірибе ретінде өткізудің кең таралуына ықпал етті. Осы құбылыстардың «шынайылығына» тәжірибелер арқылы көзі жеткен соң, Уоллес спиритизмнің белсенді жақтаушысына айналды. Ол орнитолог, Американың Теософиялық қоғамының президенті Эллиот Куэспен жақын қарым-қатынаста болды. Спиритизмге деген қызығушылығы Уоллесті адамның шығу тегі туралы бұрын Дарвиннің көзқарастарымен сәйкес келген пікірлерін қайта қарауға мәжбүр етті. Кейінірек ол табиғи сұрыпталу теориясы адамға тән ақыл-ой және адамгершілік қасиеттерінің пайда болуын түсіндіре алмайды деп мәлімдеп, адамның эволюциясы әлдебір рухани саналы күштің араласуынсыз жүзеге аса алмағанын дәлелдеуге тырысты. Соған қарамастан, ол тіпті паранормалды құбылыстарға да ғылыми тұрғыдан қарады. Мысалы, ол жанның көшіп-қонуы мен Марста тіршіліктің болуы мүмкіндігін үзілді-кесілді жоққа шығарды. 1904 жылы Уоллес «Адамның ғаламдағы орны» (Man’s Place in the Universe) атты кітап жазды. Бұл биологтың Жерден тыс тіршіліктің ықтималдығын ғылыми тұрғыдан бағалауға арналған алғашқы еңбегі болды. Адамзатты ғаламдағы бірегей құбылыс деп есептеген ол Жер Күн жүйесіндегі сұйық су бар, демек тіршілік болуы мүмкін жалғыз ғаламшар деген қорытындыға келді. Бұдан бөлек, ол біздің Галактикада Жерге ұқсас жағдайлар басқа жерде де бар екеніне күмәнмен қарады.

1907 жылы Уоллес Марста тіршілік бар деп есептеген Персиваль Лоуэллмен ғылыми пікірталасқа түсіп, «Марс тіршілікке жарамды ма?» (Is Mars Habitable?) атты брошюрасын жариялады. Онда ол Марс бетіндегі температура Лоуэлл болжағаннан әлдеқайда төмен екенін, ал атмосфералық қысымның сұйық күйдегі судың болуына жеткіліксіз екенін көрсетті. Сонымен қатар, атмосфераның спектрлік талдауы онда су буының жоқ екенін дәлелдеді. Осыған сүйене отырып, Уоллес Марста жоғары ұйымдасқан тіршіліктің, тіпті дамыған өркениет пен жасанды құрылыстардың болуы мүмкін емес деген қорытынды жасады.

Марапаттары Патшалық медалі (1868) Француздық географиялық қоғам Алтын медалі  (1870) Дарвин Медалі (1890) Founder’s Medal (1830) Линней Медалі (1892) Копли медалі (1931) Дарвин — Уоллестің алтын медалі  (1908) Сіңірген еңбегі үшін  (1908)

Дереккөздер

Санат:Ұлыбритания географтары Санат:Ұлыбритания биологтары Санат:Ұлыбритания этнографтары