Питер Тиль (Петер Андреас Тиль, нем. Peter Andreas Thiel; 1967 жылы Франкфуртте туған) — тегі неміс американдық бизнесмен, инвестор және хедж-қорларды басқарушы. Макс Левчинмен бірге PayPal төлем жүйесінің негізін қалады және оның бас директоры болды. 2000-шы — 2010-шы жылдары — активтер құны шамамен $700 млн болатын макроинвестициямен айналысатын Clarium Capital (ағыл.), хедж-қорының президенті; венчурлік қор капиталы $250 млн болатын, Founders Fund (ағыл.) басқарушы әріптесі, осы компанияны Кен Хоуримен (ағыл.) және Люг Нозекпен бірге 2005 жылы негізін қалаған; Mithril Capital Management инвестициялық комитетінің құрушысы және төрағасыHsu, Tiffany. Cutler, Kim-Mai. . Тиль Facebook-тың бірінші сыртқы инвесторы, 2004 жылы оның акцияларының 10,2 %-ын, $500 мыңға сатып алды; 2016 жылғы жағдай бойынша директорлар кеңесіне кірді. 2011 жылы Форбс 400 тізімінде жай-күйі $1,5 млрдпенPeter Thiel - Forbes, Forbes.com. Тексерілген 2 июня 2012. 293-ші орында. Калифорнияда Сан-Франциско қаласында тұрадыPeter Thiel Says 'Don't Piss Off the Robots'. .
Ерте өмірі 1967 жылы 11 қазанда Франкфурт-им-Майнда ГФР-де неміс отбасында дүниеге келген. Ерте жасында ата-анасымен бірге АҚШ-қа Фостер-Ситиге (ағылш.) КалифорнияғаJenkins, Jr., Holman W.. көшіп келді. Жеткіншек жасында шахматтан (ағыл.) ұлттық шебер нормасын орындады, осылайшы елдегі 21 жасқа дейінгі ойыншылардың арасында ең үздіктердің бірі атанды .
Стэнфордском университетінде ХХ ғасырдың философиясын оқыған, 1989 жылы философия бойынша өнер бакалавры дәрежесін алды, ал 1992 жылы Стэнфорд университетінде заң бөлімшесінде құқық докторы атанды.
Стэнфорд университетінде көптеген бұрынғы таныс студенттерді кәсіби және іскерлік карьерасы кезінде ынтымақтастыққа шақырған, осындай университеттік достардың арасында Кейт Рабуа (ағыл. Keith Rabois), Дэвид Сакс (ағыл. David O. Sacks) және PayPal-да жұмыс істеген және кейіннен "PayPal мафиясы" ретінде белгілі бейресми кәсіпкерлер қоғамдастығының бөлігіне айналған Рид Хоффман бар. Стэнфордте оқыған кезінде Тиль сондай-ақ, Рене Жирармен жолықты, оның "миметикалық қалау" теориясы оған әсер етті.
Мансап Мансабының басталуы Тиль АҚШ он бірінші округінің Апелляциялық сотының судьясы Джеймс Эдмондсонның (ағыл.) көмекшісі болған. 1993 жылдан бастап 1996 жылға дейін — Credit Suisse трейдері ретінде туынды қаржы құралдары нарығында жұмыс істедіHibbard, Justin, «Big Bucks From Bubble Fears», Business Week, қараша 8, 2004.. 1996 жылы Thiel Capital Management қорын құрды.
PayPal 1998 жылы Макс Левчинпен бірге PayPal онлайн-төлемдер жүйесінің негізін қалады, көп ұзамай ұқсас Илон Масктың X.com жүйесімен бірікті. 2002 жылғы 15 ақпанда PayPal жария компанияға айналды, осыдан кейін сол жылы eBay-ге $1,5 млрд-қа сатылдыeBay picks up PayPal for $1.5 billion by Margaret Kane|CNET News.com. . PayPal-ды сату кезінде Тильдің үлесі 3,7 % болатын, сол кезде оның құны шамамен $55 млн-ға бағаландыSEC Info - Ebay Inc - S-4 - on 8/6/02. Тексерілген 24 января 2008. Архивировано из первоисточника 26 августа 2008..
Clarium Capital PayPal-ды сатқаннан кейін Тиль бірден Clarium Capital (ағыл.) жаһандық макро-хедж-қорын, жаһандық макростратегияны жүргізе отырып, іске қосты. 2005 Clarium екі сауда журналдарымен — MarHedge (ағыл.) және Absolute Return (ағыл.) жылдың жаһандық макроқоры ретінде атап өтілді. Тильдің инвестициялау тәсілі Стив Дробныйдың (ағыл. Steve Drobny) Inside the House of Money атты кітабына тарау болды. 2003 жылы Тиль доллар әлсірейітн болады деп сәтті салым жасады және доллар және энергия тасымалдаушылар 2005 жылы қалпына келеді деп тіге отырып айтарлықтай пайда тапты. 2009 жылдан бастап елеулі шығындардан соң, 2008 жылы Clarium активтері $7 млрд-тан құлап бастап, - 2011 жылы шамамен $350 млн дейін болды.Packer, George No Death, No Taxes: The libertarian futurism of a Silicon Valley billionaire.
2004 жылы 2007-2010 жылдардағы ұзақ дағдарысқа дейін, Тиль бұл туралы жалпы түрде айтқан болатын. Оның пайымынша, бұл шын мәнінде 2000 жылғы доткомдар көпіршігі қаржы секторына көшкен. Нақты айтқанда, ол General Electric және Wal-Mart осалдығы туралы айтқан еді. Сол уақытта ол жылжымайтын мүлік нарығындағы көбік туралы да айтқан. Мысалы, 2004 жылы ол 2003-2004 қысында $7 млн-ға Манхэттендегі Марта Стюарттың коттеджін сатып алудан бас тартқаны туралы хабарлады Hibbard, Justin, «Big Bucks From Bubble Fears», Business Week, қараша 8, 2004..
Facebook 2004 тамыз айында Тиль, оған $500 000 салып құя отырып Фейсбуктің бизнес-періштесі атанды. Ол оның орнына компанияның 10,2 %-на ие болып, директорлар кеңесінде мүшелігіне өтті. Бұл Фейсбуктың бірінші сыртқы инвестицисы еді.«Shareholder trading values Facebook at more than $33bn» The Guardian--August 25, 2010: This reference does not confirm Thiel’s percentage stake, implied to be 5,2 % i.e. 33 divided by 1.7.Caulfield, Brian.
"Facebook әсері" (ағыл.) атты кітабында Дэвид Киркпатрик қалай Тиль әлеуметтік желінің инвестордың болған тарихын сипаттайды: Napster және Plaxo (ағыл.) бұрынғы қызметкері Facebook президентінің лауазымын атқарған, Шон Паркер, фирма үшін инвесторлар іздеген, және LinkedIn бас директоры Рид Хоффманның (Facebook және LinkedIn әлеуетті мүдделер қақтығысы үшін жетекші инвесторлықтан бас тартқан) ұсынысы бойынша Тильге жіберілді. Тиль Паркермен және Марк Цукербергпен (ол кезде әлі Гарвард студенті) кездесті, және Тиль инвестицияларды акцияларға айырбастаудың бастапқы раундына басшылық етуге келісті. Сондай-ақ бұл раунқа Хоффман және Марк Пинкус та қатысты. Бастапқыда инвестициялар Фейсбук капиталына өтуі тиіс еді, егер оны пайдаланушылардың саны 2004 жылдның соңына дейін 1,5 млн-ге жетсе. Дегенмен Facebook осы мақсатқа аздап жетпей қалды, Тиль салынған қаражатты капиталға беру өтінішіне келістіKirkpatrick, David (2010-06-08).. Ол өз инвестициялары туралы былай деп еске алады:"Маған олардың бастапқы көрегендігін ұстану ыңғайлы болды. Және бұл ақылға қонымды бағалау еді. Мен бұл жеткілікті қауіпсіз инвестициялар деп ойладым"Kirkpatrick, David (2010-06-08).Басқарма мүшесі ретінде Тиль күнделікті шешімдерді қабылдауға қатыстырылмады. Сара Лейсидің (ағыл.) айтуынша, Тильдің Цукербергке алғашқы жылдары берген бас кеңесі "Тек бұзып алма" Алайда, ол түрлі қаржыландыру раундтары үшін уақытты таңдауға көмектестіKirkpatrick, David (2010-06-08). The Facebook Effect (p. 246). Simon & Schuster. Kindle Edition..
2010 жылғы қыркүйекте Тиль Интернеттің тұтыну секторындағы әлеуетті өсу бойынша скептицизм білдіре отырып, басқа да интернет-компанияларға қатысты, Facebook (ол сол кезде $30 млрд-қа бағаланды) салыстырмалы жете бағаланбаған деп сендірдіPeter Thiel: Why Facebook Is Like Ford Motors In The 1920s. Архивировано из первоисточника 6 февраля 2013.. 2012 жылдың мамыр айында Facebook нарықтық капиталдандырылуы шамамен $100 млрд-пен IPO-ға шықты, онда Тиль акцияларын $638 млн-ға саттыPeter Thiel Sells Almost All of His Facebook Stock, Donates $1 Million to a Tea Party PAC — Betabeat. Тексерілген 30 января 2013. Архивировано из первоисточника 6 февраля 2013.. 2012 жылдың тамыз айында, құлыптау мерзімі аяқталғаннан кейін бірден, Тиль барлық дерлік қалған үлесін бағасы $19.2-дан $20.69-ға дейні акциясын $395.8 млн-ға сатты. Жиынтығы, ол сатты акция Фейсбука астам $1 млрд.Peter Thiel Sells Almost All of His Facebook Stock, Donates $1 Million to a Tea Party PAC — Betabeat. Тексерілген 30 января 2013. Архивировано из первоисточника 6 февраля 2013. Қазір оның 5 млн акциясы мен директорлар кеңесінде орны бар.Julia Boorstin.
Бизнес-періште және венчурлік инвестор 2003 жылы Тиль Palantir компаниясының негізін салды, оны ОБК In-Q-Tel (ағыл.)Palantir, the War on Terror's Secret Weapon. Архивировано из первоисточника 6 февраля 2013. венчурлық қоры қаржыландырған еді. 2014 жылы бұл жобаға, Ethereum блокчейні орталықтандырылмаған онлайн-сервистердің базасын платформасын құру үшін $100 000 инвестициялады«Сложно связать код на блокчейне с реальным миром»: интервью с создателем Ethereum..
2005 жылы Тиль Founders Fund (ағылш.), періштелер мен венчурлік инвестициялар қорын құрды. Оның қордағы әріптестерінің арасында Шон Паркер, Кен Хоури (ағылш.) және Люк Нозек (ағылш.) бар. Фейсбуктен бөлек, Тиль ерте сатысындағы көптеген стартаптарға инвестициялады (жеке немесе Founders Fund арқылы). Олардың ішінде Booktrack, Slide, LinkedIn, Friendster, Rapleaf, Geni.com, Yammer, Yelp, Powerset, Practice Fusion, Vator, Palantir, IronPort, Votizen, Asana, Big Think, Caplinked, Quora, Rypple, Stripe және Legendary Entertainment. Бірнеше жоба Тильмен PayPal-да бірге істеген әріптестерімен негізі қаланған: Slide Левчинмен, Linkedin — Хоффманмен, Yelp — Джереми Стопплменмен, Geni.com және Yammer — Дэвид Сакспен және Xero — Род Друримен құрылған. Fortune журналының хабарлауынша, PayPal қызметкерлері (бұрыңғы немесе қазіргі) жалпы сомасы шамамен 30 миллиард доллар болатын ондаған стартаптар бірігіп құрған немесе инвестиция құйған. Fortune журналындағы мақалада, Силикон дариясының аймағында Тильді «PayPal мафиясының доны» — инвесторлар мен кәсіпкерлерлің көшбасшысы — PayPal табалдырығын аттағандардың бейресми ұйымының басшысы ретінде белгілі екені жазылады. Тильдің басқару әдісі үлкен қызығушылық тудырады, жекелей алғанда, оны бақылау ұстау кең жайылған, себебі стартаптың сәтті болуы бас директордың аз мөлшердегі жалақысына байланысты.
Mithril: кеш сатысындағы инвестиция қоры 2012 жылғы маусымда Тиль Mithril қорын іске қосты, ол кеш сатысындағы инвестицияларға арналған. Іске қосар кезде бұл қорда $402 млн капитал болды. Mithril жеке және көпшілік болуға дайындалып жатқан сатылары арасындағы компанияларға арналғанHsu, Tiffany. Cutler, Kim-Mai. . Қордаға Тиль серіктестері — Thiel Fellowship (ағыл.) негізін қалаушылардың бірі Джим О 'Нил (Jim O' Neill) және Clarium Capital (ағыл.)-дың бұрынғы басқарушы директоры Аджай Роян (Ajay Royan).
Көзқарастары мен қоғамдық қызметі Стэнфорд университетінде көптеген бұрынғы таныс студенттерді кәсіби және іскерлік карьерасы кезінде ынтымақтастыққа шақырған, осындай университеттік достардың арасында Кейт Рабуа (ағыл. Keith Rabois), Дэвид Сакс (ағыл. David O. Sacks) және PayPal-да жұмыс істеген және кейіннен "Мафия PayPal" ретінде белгілі бейресми кәсіпкерлер қоғамдастығының бөлігіне айналған Рид Хоффман бар. Стэнфорде оқыған кезінде Тиль сондай-ақ, Рене Жирармен жолықты, оның "миметикалық қалау" теориясы оған әсер етті.
Питер Тиль Тең құқықтар үшін Американдық қауымдастығы (ағыл. American Foundation for Equal Rights) және GOProud сияқты ұйымдарға қолдау білдіреді.
Тағы да студенттік жылдары либертариандық мағынадағы студетттік қалашықта танымалдыққа ие болған, оның күрделі саясисауаттылық және өшпенділікке қарсы заңдар сияқты пейілдегі The Stanford Review газетінің негізін қалаған. 2010-шы жылдардағы жағдай бойынша, The Stanford Review — университеттің негізгі консервативті либеритандық газеті.
Эрик Джексонның "PayPal соғыстары" кітабына сәйкес, Тиль ғаламдық электрондық шоттарға номинацияланған тұрақты валюталарға шығару құралдарының мүмкіндігі есебінен дамушы елдердегі адамдарды инфляция нәтижесінде ұлттық валюталардың девальвациясынан босатуды PayPal миссияларының бірі деп санаған.
2010-шы жылдары Халк Хоганның және басқа да жұлдыздардың белгілі адамдардың жеке сипаттағы ақпараты туралы Gawker интернет блогына қарсы талап-арыздарын қаржыландыды. 2016 жылы сот үкімімен басылым төлеуге міндетті сома 140 миллион долларды құрады, бұл БАҚ өкілін банкрот болуға дейін жеткізді. Келесі сот соманы бірнеше төмендетті, бірақ блог 2016 жылы тамызда банкроттық туралы жарияладыGawker.com to End Operations Next Week (ағылш.. Бұның себебі басылымның 2007 жылғы кәсіпкер туралы жариялау әрекеті болды. Тильдің айтуынша, осы талаптарды қаржыландыру, оның ең адамгершілік қылықтарының біріКак уничтожить СМИ руками Халка Хогана "Meduza", 26.05.2016.
Библиография