нобай|Один-Вотан(жиһангер) Один, немесе Вотан (ежелгі неміс тілінде *Wōđanaz немесе *Wōđinaz; ежелгі скандинав тілінде Óðinn) — неміс-скандинав мифологиясындағы жоғарғы құдай, барлық құдайлардың басшысы, Бёр мен Бестланың ұлы, Буридың немересі. Дана және бақсы, жазбалар мен ертегілердің нағыз шебері, патша-абыз, және сол уақытта соғыс пен жеңіс құдайы, Вальхалла қожасы және валькириялар әміршісі. Әйелі – Фригг.
Викингтердің эсхатологиялық мифтері бойынша, рагнарёк болатын күні Одинді алып қасқыр Фенрир өлтіреді.
Один ұрпақтары Одиннің жер Йордтан (Фьергюн) ұлы: Тор Одиннің Фриггтен ұлдары: Бальдр, Хед, Хермод Одиннің Риндтен ұлы: Вали Одиннің Гридтен ұлы: Видар Одиннің «Тоғыз анадан» ұлы: Хеймдаль Одиннің Гунхольдтан ұлы: Браги Одиннің алыптан ұлы: Тюр
Одиннің басқа да ұлдары Ингви – Инглинг әулеті мен Швеция корольдерінің ру басшысы; Сиги – Вельсунгтер мен ғұн хандарының ру басшысы; Сэминг – Сэмингтер мен Норвегия корольдерінің ру басшысы; Гаути – готтар корольдерінің ру басшысы; Сирглами – Гардарики корольдерінің ру басшысы; Векта – Веттиндер мен Саксония, Кента, Берниция корольдерінің ру басшысы; Белдег – Вестфалия, Дейры және Уэссекс корольдерінің ру басшысы; Витлег – Мерсия корольдерінің ру басшысы; Касере – Шығыс Англия, Линдисфарн және Винт корольдерінің ру басшысы.
Атрибуттары Один серіктер – Хугин мен Мунин қарғалары («ойлаушы» және «есте сақтаушы»), Гери және Фреки («қызғаншақ» және «ашқарақ») қасқырлары, оның мінгесіп жүретін жануары – сегіз аяқты жылқы Слейпнир («сырғанаушы»). Вальхаллада құрамына эйнхерияның үздік батырлары кіретін жасағына, соғыс алаңындағы батырлардың тағдырын шешетін, Вальхаллаға батырплар таңдайтын, валькириялар – бикештер кіреді. Одиннің қаруы, ешқашан асып не жетпей қалмайтын және әрқашанда жауын өлтіре қадайтын Гунгнир найзасы болып табылады. Одиннің кемесі, әлемдегі ең жылдам, ішіне кез-келген батыр санын сиғыза ала тұрып, керек кезде бүктеп қалтаға салып қоюға болатын Скидбладнир кемесі болып табылады.Один // Энциклопедический словарь Брокгауза и Ефрона : в 86 т. (82 т. и 4 доп.). — СПб., 1890—1907.Бёльверкр // Энциклопедический словарь Брокгауза и Ефрона : в 86 т. (82 т. и 4 доп.). — СПб., 1890—1907.
Дереккөздер
Санат:Жаратушы-құдайлар Санат:Соғыс құдайлары Санат:Жоғарғы құдайлар Санат:Герман-скандинав құдайлары Санат:Аңшылық құдайлары